- Жауапкершілік барлық құқық катьшастарына тән нөрсе. Азаматтық-құкықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік женіндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айгылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетгі бұзатын азаматтық құкық қатынасының субъектісіне қодданылатын мүлікті өңдіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу
болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетгі тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың, да, осы мақсаттың аддын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық құкықкатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міңдеттерді орындамауы қоғамдық катынастарды бұзьш, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтык-кұқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондыктан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орьшдамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кез-де де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқыктың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне төн жауапкершіліктің қасиеті болмаса, несие беруші міңдетгемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын колдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматгық-құкықтық жауапкершіліктің өзіне тән касиеттері:
а)борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
б) борышқорды міндеттемесін орьшдамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в)белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагентгің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды етеуді қамтамасыз етеді);
г)борышкордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әртүрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мүндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жаткызуға болады
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік — Азаматтық кұқықтың. Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседІ.
Азаматтық-қүқықтық жауапкершілік түсінігі — зан ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасымен жүзеге асырылуы деп біледі. Мүндай жауапкершілікке көзқарас міндеттеме жүйесіндегі жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орыңдалуына сай келеді. Сонымен бірге міндеттемені тиісінше орыңдауда азаматгық-құқықтық жауапкершілік әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.
Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашанда мінез-құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол қүқық бүзушының мінез-қүлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды
2.азаматтық құқық бұзушылықтың негіздері.
. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудыратын жагдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады. Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлдекімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайлар-ды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтык жауапкершіліктін, мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
- тұлғаның құкыққа қайшы кылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі);
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдардың бар болуы;
- құкяқ бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасында болатын себепті байланыс;
Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалсажауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды
- Құқыққа қайшы тулгалардың қылықтары — азаматтық,-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Құқыққа қайшы түлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-өрекет болып табылады) Олқұқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен күқықтарын бұзуға әкеп соғады. Азаматтық қүқықта құқыққа кайшы түлғаның қылығы объективті және субъективті күқықтардың міндетті түрде бір мезгілде бұзылуын көрсетеді.
Кінә— азаматтық-қщықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінін заң бұзу әрекетін (немесе өрекетсіздігін) жан-дүниесімен, демек психологиялық тұрғы-дан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.
Қылмыстық жауашъшыкқа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам тартылады.
Азаматтық заңдарда кінә мәліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орыңдамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.
Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулынын кемуі.Егерзиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдын ақшалай баламасы шығын делінеді.
Азаматтықкодекстін, 9-бабында қүқығы бүзылған адам, егер заң мен шартта аз мелшердегі шығын каралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті түрғыда келеді, ол барлық азаматтык күкыктық қатынастарға жүреді жөне жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардын; лауазымды адамдардың әрекеті (әрекетсіздігі)салдарынан азаматқа немесе занды тұлғаға келтірілген за-лалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық белініс өтеуге тиіс (АК-тің 9-бабы 5-тармағы).
Залалдар мьшадай екі түрге бөлінеді:
- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті
шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдаңуы (нақ-
ты нүқсан); - сол тұлғаның құқығы бұзылмаган болса, дағдылы айна-
лым жағдайында болатьш, бірақ алынбай қалған табыстары (ай-
рыльш калған пайда). - Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе йемесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек кана нақты нысан мөлшерінде шыганын төлейді. Ал айрылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс,сондай ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар емделуге ,қосымша тамақтануға ж.т.бкеткен шығындар.