1Міндеттемелердіорындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушініц талап етуі қуқыгына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата туруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді..
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык, және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оңың тоқтатылуына әкеледі. (Міндеттемелерді орындаудыңқұқықтық тәртібі АҚ-тін, 272-291 баптарында, міңдеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатьш алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік жөнет.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.
Мшдеттемені орындау Азаттық кодексте бекітілген принциптерге сөйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған мідеттемені тиісті дөрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышкор орындауы тиіс. Сонымен бірге, занда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндет-теменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борьшқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы).
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету жөне т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.
2МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ, ОРНЫ, ТӘСІЛІ
- Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай ақ, шарт алдындагы дауды қарайтын органмен айкындалуымүмкін.
Егер міндеттемеде ол орыңдалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезен, ішінде кез келген уақытга орыңдалуға тиіс (АК-тің 277-бабы).
Мысалы, құрылыс объектісщің бітетін күні міндеттемені орындау күні болыптабылады, ал басқажұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайгару — қарыз шартывда несие беруші шартында, қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, онда әртарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, онкүндік мерзімдермен өлшенеді.
Егер міңдеттемеде ол орыңдалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіңдік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орыңдалуға тиіс.
Акылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, жөне т.б.)
Ақылға конымды мерзімде орындалмаған, сол сиякты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені, егер зандардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті (АК-тің 277-бабының 2-тармағы
Міндеттеме орындалатын жер — борышқордың заттарды тапсыратын, жумысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалганын қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй түрған жерде ғана жүзеге асады.
Егерде міндеттеме орындалатын жер зандарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:
- міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан жерде;
- міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды пайдалана отырып беру — мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсырған жерде;
- егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кесіпкердің басқа міндеттемелері бойьшша тауар немесе езге де мүлікті беру — мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
- ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші занды тұлға болса — міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп,бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде
- Басқа да барлық міндеттемелер бойынша борышқордың тұрғылықты жерінде,ал егер борышқор заңды тұлға болса оның орналасқан жерінде орындалуға тиісті.