1 Құқықты қоргау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәріібін мемлекеттің қолдауьш айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматгық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау
азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтык құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік қүқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, калпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіңдіктер береді. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: «құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның қүқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді».
Демек кез келген субъективті азаматық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықты жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
- Азаматтпық қуқықтарды қоргау тәсілдері. Азаматтық кодекстін 15-тарауының шеңберінде азаматтық қүқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанаға бөлінеді: юрисдикциялык, және юрисдикциялық емес
Юрисдикциялық түрі субьективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады.Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзретті ооргандарға бармай ақ өз бетімен қоргануын білдіреді.
Азаматтпық-құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация); ә) иемдену еркінен айырмай-ақ занды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап); б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай қүнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орньш толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне акшалай төлеу.
Меншік құқығын қорғауда алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкүндігін қаматамасыз етуге бағытталған.
Затгық құқыққа талдау жасағаңда өз ерекшелігімен және сипатымен оқшауланатын иеленуді қорғау жөніндегі талап қою екендігін көрсетеді. Бұған теориялық дәледеме ретінде Римнің жеке құқығы тарихында: «… затқа меншік нақты иеленуден шыққан», — деген ұғым бар.
Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ туындайды. Отырықшылық, қоныстану иелену терминіне баламабола алады.
Сонымен иелену мен иеленуді қорғау меншіктің заттык қуқық қасиетін тудыруда айтарлықтай рөл атқарады.
Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талашы виндикациялық талап, ал затьш пайдаланудағы кедергілерді жою талабьш негаторлы талап деп атайды.
Виндикация қағидасы АК-тің 260-бабында төмендегі түрде айтылған: «меншік иесі өзгеден заңсыз иелеңген өз мүлкін талап етуге құқылы», ягни меншік иесі өз затын оны ещқандай заңсыз иемденіп отырған жақтан талап ете алады.
Негаторлык, талап (асііо пеёаіогіа — теріске шығару талабы). Бұл талап—мүлікті иеленуден айыруға байланысты емес, мүлікті (затты) пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап. АК-тің 264-бабында: «меншік иесі, ез құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы» делінген.
Негаторлық талап бойынша сот меншік иесі мүлкін пайдаланғанда кедергі жасайтан тәртіп бүзушынын, әрекетін тоқтатуға жөне ондай әрекеттерді бұдан былай қайталамауға міндеттейтін шешім шығарады. Айталық, үй иесінің көршісі гараждьң есігі ашылмайтындай етіп оның алдына топырақ төгіп тастаса, меншік иесі өзінің автомашинасын не кіргізе, не шығара алмаса, гараждың иесі топырақты алып тастау туралы талап
қоюға құқылы.
Казакстан құқықтану әлебиетінде негаторлык талап қою әлі толықтай зерттеле қойған жоқ
- ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕУ
Залалды етеу сот қорғауының өмбебап нысаны болып табылады. Азаматгыққұқықтақолданьшатын «залалдар» (АК-тің 9-бабының 4-тармағы) экономика ғылымында тап сондай ұғымнан айтарлықтай ерекшеленеді. В.И. Кофман пікірінше залалдар экономикалық категория ретінде құқық бұзушылық нәтижесінде көрінуі міндетті емес.
«Залалдар» ұғымын «зиян» және «нұқсан» категориясынан айыра білу керек.
Заң әдебиетінде залалды келген нұқсанның ақшалай бағалануы деген анықтама да кездеседі, әңгіме бұл арада заңсыз әрекетпен бір тұлғаның екіншісінің мүлкіне келтірілген нұксаны женінде болып отыр.
Зиян ұғымы әркез ақшалай нысанда бола бермеуі мүмкін, сондыктан да бұл ұғым залалға кдрағанда әлдеқайда кең ұғым. Бұл орайда О.С. Иоффе дұрыс айтады, яғни оның пікірінше зиян ұғымына қатысты залал дербес ұгым, зиян заттық жөне әлеуметтік мағынада қолданылады дейді.
Азаматтық кодекс «залал» және «нүқсан» ұғымдарының ара жігін ашып береді, нақты нұқсан залалдың құрамдас бір бөлігі болып табылады (АК-тің 9-бабының 4-тармағы). Егер «зиян» ұғымына келетін болсақ, ол ақшалай міндеттемеге қатысты.
Азаматтық заң залалды толық өтеу принципін тәртіптейді. АК-тің 9-бабының 4-тармағына сәйкес құқығы бұзылған тұлға, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.
Залал дегеніміз құқығы бұзылған тұлғаның жасаған немесе жасауға тиісті шығыстары, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның кұкығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) болып табылады.
Залалды толық өтеу принципін қолдану жәбірленуші жақтың, сонымен қатар меншік иесі мен титулды иеленушінің құқығын қалпына келтірумен өлшенеді.