Өзге де заттық құқықтар

  1. Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаньщ өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екншеден, оны иеленуі, үшінщіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады

Олардың ара жігі заңда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.

Азаматтык кодекс жүйесінде қүқықтың езі меншік құқығы және басқалай заттық құқық больш белінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану қүқығы, шаруашылық жүргізу кұкығы, оралымды басқару қүқығы және басқа да заттық күқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіңдегі негізгі қүқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық қүқықтың бірі больш саналады. Заң шығарушы затқа ауыршалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық қүқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалыган көтерді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің қүқьпъш жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық қүқықтарға — меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығын айту керек. Ал құқықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті)қорғалады. Мысалы, азаматгың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.

Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи күйіңде кездесетін физикалық дене және адамнын пайдалануына болатын сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.

Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және корғалатьш белгілі бір жаққа немесе (жақтардьщ жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей (қожалық) ету құқығы болып табылады.

Заттық құқықттар жөніндегі тиісті нормаларды еншелей отырып, оның бірқатар белгілерін атап өтелік: занда бекітілген заттық құқықтың шектелген шеңбері; заттық күкықтардың шексіздігі (абсолютгік қүқық): затқа тікелей үстемддік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп «қүқық жалғасуы» өкілеттігі шығады; затты алудың заңды төсілдерінің нақтылы және қорғау нысанының ерекшелігі.

Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188, 194, 195-баптары), ягаи тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететн жайт, заттық қүқықтың аясы тек Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір затгық қүқықтар басқа зандарда көрініс табуы мүмкін.

Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түріңде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілетгілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолютгік) құқыққа мазмұны жағынан қарама-қарсы тұрған міңдеттемелік құкық. Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл қүқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндеті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеге негізделген құқыктардың бөрі де міндеттемелік кұкық болып табылады. Бүл құқыктарды орындауды мөміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмыста орыңдау, т.т. міндеттер. Заттық құқық басқа қүқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Затгық күқыктың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес езіндік игіліктер заттык құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудін иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге бол-майды, заттай жүзеге асады.

Екінші жағынан алғанда, заттық қүкықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқынкөрінеді.

Заттық құқықтың маңызды белгісіоның затқа тікелей үстемдік етуі.Заттық құқықтыңтағыда бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталып қалатындығында,ол өзмүлкінің иесі болып қала беретіндігінде.

2.Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемелекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену ,пайдалану және оған билік жүргізу құқықтарын Азаматтық кодекспенжәне өзге заң құжатарымен белгіленген шекте жүзеге асыраытын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін бюджеттік ұйымдар мәртебесіменшатастырмау үшін ең алдымен толық шаруашылық жүргізу құқығы деген ұғым енгізіледі.мұнда кәсіпорын өзінің мүлкіне толық шаруашылық жүргізу құқығын жүзеге асырады және аталған мүлікке өз қалауынша билік етіп пайдаланады және оған билік етеді.Демек оған қарасты заң тиім салмайтын барлық әрекеттерді жасайды.Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік базасын құрал жабдықтар,еңбек құралдары,ақша қаражатары құрайдыКәсіпорын шаруашылық жүргізу және өнім өндіру құқықтарын иеленеді.мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді. Шаруашылық жүргізу құқығының обьектісі кез келген мүлік болып табылады.Шаруашылық жүргізу құқығының субьектілері 1 Республикалық меншіктегі кәсіпорын 2.коммуналдық меншіктегі кәсіпорын 3.Шаруашылық жүргізу құқығының негізіндегі еншілес кәсіпорындар да құрылуы мүмкін.Шаруашылық жүргізу құқығының мазмұны өзінің қарауындағы мүлікті иелену пацдалану және билік ету құқықтарыназаматтық кодекске сай және Мемелекеттік кәсіпорын туралы жарлыққа сай соның шегінде ғана айкындалады.

3 Республикасының 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Заңы жүзеге асуда. Мемлекет меншігінен алу дегеніміз — бұл шаруашылық басқару функциясын және тиісті өкілетті беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардан тікелей шаруашылық субъектілеріне беру.

Жекешелендіру дегеніміз—мемлекет меншігінің объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды қайта жаңғырту жолымен құрылған акционерлік қоғамдардың акция-ларын мемлекеттен алып, занды және жеке тұлғаларға беру. Мемлекет меншігінен алу және мемлекет меншігін жекешелендіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақгық органдары жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының меншігіне қатысты мемлекет мүддесін білдіреді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру объектілеріне не жатады? Барлық өндірістік және өндірістік емес салалардағы мемлекеттік меншіктер: кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, олардың құрылымдық бірліктері мен бөлімшелері, сондай-ақ мәдени түрмыстық мақсаттағы, әлеуметтік аядағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы объектілер және басқа да құнды заттар

Қазйқстан Республикасының тек мемлекеттік меншігінде тұрған объектілерді жекешелендіруге болмайды. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің Үлттық бағдарламасына сәйкес Республика Үкіметі мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік әлеуметтік даму, айналадағы ортаны және халықтың денсаулығын қорғау мүдделерін ескере отырып, сондай-ақ, қызметтің кейбір жекелеген түрлеріне мемлекеттік монополиямен қамтамасыз ету керектігін есептей отырып, мемлекет меншігінен алуға және жекешеленуге жатпайтын объектілердің тізбесін бекітеді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру субъектілері сатып алушы, сатушы және делдал болып табылады.

Сатып алушы біздің Республиканың азаматтары, егер меншіктері мемлекетке тиісті болмаса шет мемлекеттің азаматтары және азаматсыз адамдар, сондай-ақ республика аумағында тұратын заңды тұлғалар бола алады.

Сатушы рөлін мемлекеттік мүлік жөніндегі Қазақстан Республикасының инвестициялар женіндегі мемлекеттік Комитеті және Қаржы министрлігі атқарады.

Сатушы және сатып алушы берген рецензияның негізінде де тараптардың бір жағының сенімхатымен коммерциялық негізде әрекет жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес үйымдардың — делдалдың қызметін пайдалана алады.