Ортақ меншік

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы,

шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтьң өндіріс құрал-жабдықтары белінуге жатпайды (АК-іің 225-бабы 2-тармағы).

Белінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).

Мүндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б. жатады). Айталық кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқьндалады.

Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқыктық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншігінің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады

Ортак меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір обьект ретінде иеленіп ,пайдалану мен билік етуін бекітетін ,реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.

  1. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Ортақ меншік бірлескен (ұлесі белгіленбеген) және үлестік меншік болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).

Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тәсілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді. Соңдықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.

Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда кезделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардьщ ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығыньщ ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген түрғьш үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң қүжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін (АК-тің 219-бабының 1-тармағы).

Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.

Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі бо-лады, бірақ олардьщ жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала ай-қындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.

Мұндай төртіп ерлі-зайышылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты («Неке және отбасы туралы» Заңньщ 32-бабы). Сонымен бірге «Неке және отбасы туралы» заңы некеде түрған кездерінде бірлесіп тапкан д үние-мүліктерін жұбайлардьщ келісімі аркылы бөлу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануьша болады («Неке және отбасы туралы» Заңның 40-бабы).

Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.

  1. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК

Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасыңда нақты үлеске бөлуді айтады.

Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айкындалады. Бөлудің мұндай сипаты меншік иелерінін келісімдері жөне заң құжаттарымен тағайындалады. Осы келісім арқылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.

Занда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі айкындалған. Мүліктегі үлес келемін акындауда ортақ мүлікті пайдалану тәртібін сақтай отырып, оны жақсарту мөселесінің ара жігін ашып алу керек. Ортақ мүлікті шйдаланудың белгіленген төртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайгуға құқығы бар.

  1. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК

Ортак, бірлескен меншік ортақ меншіктің бір турі болып табылады, оған қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ала айқындалмаған үлестеріне иелік етеді. Демек, үлестер, егер занда өзгеше көзделмесе, тең деп танылады. Мұңдай мүліктерді бөлу қатысушыньщ бірі одан шыққанда немесе ортақ меншік тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.

Занда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа қожалығының (фермер) ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.

Заңда жаңа қүқықтық қатьшастардың пайда болуына орай ортақ бірлескен меншіктің аясы кеңеюі мүмкіндігі ескертілген (АК-тің 209-бабының 2-тармағы). Сонымен Азаматтық кодексте нақты карастырылмаған, бірақ ортақ бірлескен меншік ере-желеріне дөп келетін ортақ бірлескен меншіктің өзге де түрлері кездесуі мүмкін