КРИМИНАЛИСТИКАНЬЩ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕПЗДЕРІ

Криминалистиканың түсінігі және пәні.

Криминалистика басқа да ғылымдар сиякты объективтік кұбылыстар зандылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті зандылықтарды окытады. Бұл зандылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материаддық әлемдегі затгардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізіңце міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.

Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан бола-тындықтан қоршаған ортада, әсіресе кылмыс орнында көпте-ген іздер калады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айнала-ды. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің касиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір зандылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.

Криминалистика пәні іздерді, айғақ затгарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын окытып үйретеді.

Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген үғым бар -ол күрделі динамикалык жүйе болып саналады. Бұл жүйе қыл-мыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілермен катынасынан; кылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жол-дарынан; кылмыстык. нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уакыты.орыны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.»

Криминалистика ғылымының пәні екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі зандылықтардың үш тобын камтиды:

  • кылмыс тетігінің зандылықтары;
  • қылмыс және оған катысушылар туралы ақпараттың пай-да болу зандылықтары;
  • дәлелдемелерді жинактау, зерттеу, бағалау мен пайдалану зандылыктары.

Криминалистика пәнінін екінші беліміне қылмыспен күре-суге қажетті криминалистік кұрал-жабдыктарды, тәсілдер мен әдістерді ойлап шығару, практикаға енгізіп пайдалану және оларды жетілдіру жатады.

Криминалистика — бүл қылмыс тетігінің зандылыктары, қылмыс жене оның катысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық зандылыктары туралы ғылым.

Криминалистикада колданалатын тәсілдер мен әдістер далелдемелерді жинақтауға бағытгалған. Дәлелдемелерді жи-нактау төрт кезеңнен тұрады, олар:

  • дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу.
  • оларды бекіту;
  • олардыалу;
  • алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен корытындысын рәсімдеу.

Криминалистиканың даму заңдары мен қағидалары.

Криминалистика пәні өзіне тән даму зандарына жөне қағида-ларына сәйкес қалыптасып дамып отырады. Заңдары:

  • криминалистиканың қалыптасқан және қазіргі кезде жа-ңадан пайда болған теориялары мен тұжырымдамаларының ара-сындағы өзара байланыста болу заңы;
  • басқа ғылымдардың осы күнгі жетістіктерін тез арада кыл-мыстықтергеу жүргізу өндірісіне енгізу заңы;
  • криминалистика ғылымы әдістемелік үсыныстарынын кыл-мысты ашуға, тергеуге және болдырмауға кажеттілігін арттыру және осы тәжрибені криминалистика ғылымы жетістіктері негізінде ұштастырып жетілдіру заңы;
  • криминалистиканың және де басқа косалқы, тектес ғылым салаларындағы ғылыми-техникалык, өрлеу негізінде кримина-листиканыңдаму барысын үдету заңы.

Криминалистиканың кағидалары негізінен мына Көрсетілген үш бағытта болады:

шынайылық қағидасы, ол криминалистік ғыльйии зерттеулердің қандай да болмасын саяси көзкдрастан, ой-ұғымнан тәуелсіздігі, шынайы өмірдегі заңдылықтар мен күбылыстар-дың мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнеленуін керсетуіне негізделуі қажет;

тарихтық қағидасы, яғни криминалистшса пәиішн мазмүнын, қызметін және байланыстарын баска ғылымдарі^н динамнка-лық қарым-қатынаста үстап, олардың ІІайда бодуымен жөне өзгерістерімен ұштастырылып отыруы керек;

ғылымиыц жуйелілік қағидасы бойынша криминалистиканың жеке бөлімдерінде оқытылатын қүбылыстар мен фактілер бір бүтіннің бөліктері ретінде өзара байланысты да теуелді қарастырылуы қажет.

Криминалистік зерттеу ақпаратының негізгі бастаулары

а) қылмыспен, күқык бұзущылыктын түрлерімен кұресті, кылмысшк іс жүргізуде калыптасатын әрекеттер мен катынастарды реттейтін зандар мен олардан шығатын басқа да нормативтік актілері. Қылмыстык, әлеуметгік және халыкшаруашылық статистикасының акпараттары.

б) құқык қорғау органдары жүргізетін,кылмыстық, азаматтық істердін, түрлі тексеру, материалдар; прокурорлык,, тергеушілік, сараптамашылық, жедел-іздестіру сот практикасының қужаттары және кылмыскерді табу, ашу және алдын алу жүмысында колданылатын бакылау органдарының мәліметтері;

.в) заң саласындағы және басқа ғылымдар саласындағы теориялық, әдістемелік, анықтамалық әдебиеттер, ғылыми-техни-калык жетістіктер, ғылыми туындылар түжырымдамалары және оларды іс-жүзінде пайдалану тәжірибесі мен корытындылары; г) ғылыми ізденістер мен олардың қорытындыларының гірақтикада пайдасы барын дәлелдейтін күкык қорғау саласынң мамандары мен кызметкерлерінің көзқарастары, корытындылары, ойлары, ұсыныстары және т.б.

Криминалистиканын міндетгері мен қызметтері.

Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы жөне нақты болып үш топқа бөлінеді.

Криминалистиканың жалпы немесе басты міндеті құкық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминалогия, кылмыстық іс жүргізу құқығы және басқа заң ғылымдар саласы сияқты өз түрғысына көмектесу

Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:

  • Криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективтік заң-дылықтарды одан әрі кеңейтіп окып зерттеуа осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпыл әдістемелік негіздерін жасау.
  • Заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға жаңа техникалык куралдар жасап шығару;
  • алдын ала тергеу, сот тергеуінің жөне криминалистік са-раптаманың үйымдастырушылык,, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалык әдістерін өндеу аркылы олардың нәтижелігін арттыру;
  • қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесін өндеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу.
  • кылмысты азайту үшін криминалистік сактык шараларын кұкық корғау органдарына ұсыну.
  • шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу жөне алдын алу үшін пай-далану/

|Осы жерде криминалистика пәнінің міндеттерімен катар оның негізгі қызметтерін (функцияларын) карастыра кету төмендегідей болып келеді:

  • танымдық кызметі, яғни криминалистикамен жалпы таныс-тыру;
  • әдістемелік қызметі, бұл криминалистика ғылымы мен пәні арасындағы қарым-қатынасты, ғылыми және тәжірибелік маз-мұндарын дұрыс тұжырымдау;
  • түсіндірмелік қызметі, криминалистика пәнінің ғылыми бейнесін, оның болмысын және элементтерін ашып көрсету;
  • жүйелендіру кызметі, бұл осы кезге дейінгі жиналған ғылы-ми және тәжірибелік материалдарды бір жүйеге келтіру;
  • құрастырмалык кызметі, яғни практикалық із танудағы кұрал-жабдықтарды дамыту және жетілдіру;
  • криминалистік зерттеу корытындыларын практикаға енгізу қызметі;
  • болжау кызметі, бұл қылмыспен күресте криминалисти-ка ғылымында жинақталған деректерге, ақпаратгарғақарап, бо-лашақта кылмыс жасаудың қандай жолдары мен тәсілдері көбейетіндігін алдын ала болжап көрсету болып табылады.

Криминалистиканың жүйесі

Криминалистика жүйесі ғылымның пайда болуынан бастап бүкіл тарихы бойына дамып және жетілдіріліп отырады. Бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда. Криминалистика өз алды-на ерекше, дербес ғылым болғандыктан, оның өзі іштей өзара байланыстығы жеке бөлімдерінен қүралған ғылым жүйесі бо-лып табылады. Көптеген оқулықтарда дәстүрлі түрде кримина-листика жүйесі төрт белімнен қүралған, олар: К.риминалистиканың жалпы теориясы. Криминалистік техника. Криминалистік тактика.

Криминалистік әдістеме (кылмыстардың жекелеген түрлері МРН топтаоын тергеу әдістемесі.

Криминалистік техника бөлімінде заттай дәлелдемелерді және іске катысты деректерді іздеп табуға, бекітуге, зертгеуге керекті тәсілдер мен әдістерді, колданылатын қажетті техника-лық кұралдарды карастырады.

Криминалистік тактика (тергеу тактикасы) тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді де нәтижелі әдістерді, олар-ды колдану кағидаларын қарастырылады.

Криминалистік әдістеме (қылмыстардьщ жекелеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі) — бұл бөлімде жеке кылмыс-тар бойынша жургізілетін тергеудін әдістемелік тәртібі керсетіледі, себебі әрбір кылмыс турін тергеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде колданылатын техникалык және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан кылмыстын ерекшеліктеріне бейімделеді.