Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің әдістері

Іс қағаздарын жүргізу ісінің басты мақсаты – мекемелердің үзіліссіз және жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарын жүргізу мына кезеңдерден:

Құжат айналымы және құжаттаудан түрады.

Құжат айналымы мекеменің өз жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамысыз етеді.

Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс құру, оларды сақтау және жүзеге асыру, құжаттарды жіберу.

Құжат сөзі “ооси епіи” деген сөзінен шыққан (дәлел, куә) деген мағананы береді.

Кейінірек бұл екі жаңа мағанасы туды:

  1. тар көлемді, күнделікті- төл құжат, жекелік куәлігі;
  2. ұлғаймалы, тасмалды бір нәрсеге куә болатын дәлел болатын: шығарма өнері, сызу, сурет, магнитті баспа т.б. жатады.

Қызмет сөзінің өзі құжат немесе құжаттың бір түрі екенін көрсетіп тұр.“Қызмет құжаты” түсінігі мыналады қамтиды:

  1. Деректі және басқаратын құжаттар (нұсқаулар, заңдар, шешімдер, бұйрықтар).
  2. Әкімшілікті ұйымдастыру құжаттары (жоспар, ереже, акт, хаттама, есеп беру).
  3. Еңбеккердің жеке құрамы туралы құжат (арыз, өмірбаян т.б.).
  4. Финанстық құжаттар.
  5. Есепке алу құжаттары (мемлекетаралық іс қағаздар).