Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері

1.Бүкіл құқық жүйесінің, соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығының тірегі болып құқықтың аса мәнді белгілеріне көрсететін құқық қағидалары табылады.

В.Дальдың түсіндірме сөздігінде “қағида” түсінігіне келесідей анықтама: “мұны орындамауға болмайтын ғылыми немесе өнегелік бастам, негіздеме, ереже, негіз”.

Теорияда құқық қағидалары ретінде құқықтың мәні және мазмұнын оның ішкі құрылымы мен дамуын сипаттайтын негізгі идеялар, жетекші бастамалар түсініледі.

Әрекет ету саласы бойынша құқық қағидаларын былай бөлуге болады:

  • құқық салаларының барлығына тән жалпы құқықтық қағидалар
  • кейбір салалардың ортақ сипатын көрсететін салааралық қағидалар
  • нақты бір саланың ерекшелігін сиапаттайтын салалық қағидалар
  • саланың жеклеген иниституттарына қатысты сала ішкілік қағидалар.

Жалпы құқықтық қағидаларға мынадай қағидалар жатады: адамның құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау –мемлекеттің міндеті,

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары әркімге туғаннан тие сілі болуы және ажырамайтындығы, барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі, мемлекеттік билік органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерімен келтірілген мемлекеттік шығынды әркімнің өтеуге құқығы.

Бұл қағидалар әлеуметтік қамсыздандырудың қоғамдық қатынастар, сонымен қатар әлеуметтік өмір саласындағы құқықтық реттеудің мәнін көрсететін жалпы және басты, жетекші идеялар болып табылады, бұлардың кейбіреулері Қазақстандық құқық жүйесінің даму бағыттарын көрсетеді. Мысалы, халықаралық құқықтың жалпымен танылған нормаларына және қағидаларына сәйке, әркімге өмір сүрудің жақсы деңгейі кеплденеді. Бұл қағиданы әлеуметтік қамсыздандыру саласында жүзеге асыру- жедел шешуді талап ететін аса күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі.

Салааралық қағидалар өзара байланысты екі немесе одан көп құқық салаларын қамтиды. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандару құқығы, еңбек құқығы, отбасылық құқығы. Салааралық қағидалар құқықтың жалпы қағидаларынан толығымен шектеулі болып табылмайды. Керісінше, олар жалпы қағидаларға негізделеді, қандай да бір негізгі саласының ерекшелігін ескере отырып көрсетеді.

Салааралық қағидаларға мыналар жатады: жұмыссыздықтан қорғану құқығы, денсаулықты қорғауға құқық, отбасына, балаларрға және аналарға мемлекеттік қолдау көрсету, қарт адамдардың, мүгедектердің әлеуметтік қорғануға құқығы және т.б.

Салааралық қағидалар әрбір құқық саласының тек өзіне тән құқықтық қағидаларға негізделетінімен сипатталады. Салааралық қағидалар нақты құқық саласының нормаларының мәнін көрсетеді. Олардың негізінде жиынтығында әлеуметтік қамсыздандыру құқығын құрайтын нормалар жасалады , жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидаларына мынадай қағидаларды жатқызуға болады:

— жалпы:

  • жалпыға ортақтық,
  • міндеттілік
  • мемлекеттік бюджет және зейнетақылық қорлар есебінен қаржыландыру
  • ақшалай төлемдерді беру негіздерін еңбек жағдайына, табиғи климаттық жағдайларға, орташа жалақының деңшейіне, еңбек стажының деңгейіне, жасына және т.б.қарай түрлерге бөлу;
  • әмбебаптылық
  • кешенділік

Салаішілік қағидалар –бұл құқық саласының жекелген иниституттарының қағидалары. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында мақсаттылық, қол жетерлік, ерктілік, кәмелтке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қызметтерді көрсетудің артықшылығы, құпиялық және т.б.с. салаішілік қағидаларды бөліп көрстуге болады.

Әлеуметтік қамсыздандыруда бұл қағида тек еңбекпен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да зейнетақы алу құқығына ие болатынынан көрніс табады.

Әлеуметтіқ қамыздандырудың қол жетедіндік қағидасы әлеуметтк қамсыздандырудың жекелеген түрлерін тағайындау, беру және тқлеу тәртібн бекітетін нормалардан өз көрініс табады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіл жүйесі адамға — әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрн алушыға мейілінше жақындау үшін құрылған. Әдетте, қамсыздандыру тұлғаның жұмыс, оқу қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.