баяндауыштың жасалу жолдары туралы мәлімет беру.
- Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыштың бойынан табылады. Баяндауыш ретінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер – етістіктер.
- Баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара, керек сөздерін сен малға қара, балаға ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды. Рас, бірсыпыра сөздердің атау, түбір күйінде маңында басқа сөздер болмаса да баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны бар. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара! Дегенде, олар жеке тұрып–ақ баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ ондайда олар сөйлемдік әуенмен айтылуға тиісті не маңында басқа сөздер болуы керек. Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөз табы – етістік. Олардың түбір күйінде баяндауыш болып кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық музыканы да білдіруімен байланысты болуы керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзінен-өзі шық, түс десе, сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, — етістік мағынасындағы шық, түспе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады.
- Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді: Ал Мені шақырған кім? дегенде: — Мен десе, осы айтып отырғаның рас па? дегенде: —Рас десе, олар толық мағыналы баяндауыш болар еді.
Сөйтіп, жоғарыдағыдай жеке сөздердің өз алдына баяндауыштық қызметте тұруы олардың басқа сөздермен мағыналық байланыста айтылуынан болып отыр.