етістікті сөз тіркесінің жасалу жолдарынан мәлімет беру.
- Етістікті сөз тіркесінің гамматикалық діңгегі болады да, соның негізінде базқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдер мен формалары, сол сияқты, мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады.
- Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері:
- Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері,
- Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері.
дейтін екі топқа бөлінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз.
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.