меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің жасалуынан мәлімет беру.
- Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз. Бағыныңқы сөз барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз жалғаудағы сөді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Меңгеруші сөз жетекшеуді де, меңгерілуші оның жетегіне реуші сөз болады. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз бет алысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т.б. білдіреді.
Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әр түрлі болуынан ғана тумады, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда айтылған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болды. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
- Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінесе баяндауыш қызметіндегі есімдер болады. Мысалы, /Жерім/ малға бай. /Ол/ сөзге шорқақ. /Досан/ комиссияға мүше. /Мен/ саған кіммін? /Оның сөзі/ маған түсініксіз. /Бұл ат/ мінуге жақсы. /Бұл қылығың/ өзіңе жаман.
- Бұл тіркестердің байланысу формасы – меңгеру. Есімдердің есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық: кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексикалық мағынасы қаншалықты түсінікті болғанмен, мүшелік мазмұнында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күңгірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, оның қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек. Мысалы, Асқар қалаға кетті. Темір қаладан келді. Осындағы сендер бірін-бірі керек етіп, өзара жымдаса байланысқан. Соның негізінде қалаға кетті, қаладан келді деген меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері жасалған.