матаса байланысқан сөз тіркесінің жасалуынан мәлімет беру.
- Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланысу формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланысу формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркесінің бірінші сыңарлары ілік жалғауында, екінші сыңарлары тәуелді жалғауларында айтылады.
- Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді.
Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің ұжым, сенің кітабың т.б.
Бірінші сыңары екі небірнеше сөздердің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: біздің ұжымның малы, сенің балаңның жолдасының кітабы т.б.
Матасу деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы тіркестің сол сияқты басқа сөз тіркестерімен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерінің дара матастырып тұратын грамматикалық тұлғалары –ілік, тәуелдік жалғаулары. Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші ілік жалғауында айтылады да, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады. Тек біз, сіз деген екі есімдік ілік жалғауында жұмсалғанда, оның тіркестерінде сөз жалғаусыз да айтылады: біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала т.б.
Кейде ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысқан сөздің ілік септік жалғауы айтылмайды: егіс даласы, ел байлығы, мал шаруашылығы т.б.