синтаксистің зерттеу обьектісі, сөз тіркесінен мәлімет беру.
- Зерттеу нысанының сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға бөлінеді:
- Сөз және оның формасының синтаксисі
- Сөз тіркесі синтаксисі
- Сөйлем синтаксисі
Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып екіге бөлінеді.
- Мәтін синтаксисі
Сөз және оның формасының синтаксисі белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу мүмкіндіктерін зерттейтіндігі.
Сөз тіркесінің синтаксисі сөздердің тіркесімдік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастырады. Сөйлемнің синтаксисі сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын, олардың түрлерін қарастырады.
Мәтін синтаксисі – тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігі. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынасын зерттейді.
- Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғаулар сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық, синтаксистік категория ретінде қарастырады.
Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
- Сөз тіркесіне байланысты анықтамада екі түрлі шарт қойылған. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуы тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағыныңқы қатынаста тұруға тиіс. Екіншіден, толық толық мағыналы екі сөз болуы керек.
Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды (Т.Ә. Сарысыбызғы). Бұл сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: ол қарап тұрды, жұлдыздарға қарап тұрды, аспандағы жұлдыздарға. “Жұлдыздарға”деген сөзге “аспандағы” сөзі бағыныңқы. “Қарап тұрды” дегенге жұлдыздарға бағыныңқы болып тұр.
Кез-келген сөзді бір-бірімен тіркестіре салуға болмайды. Мысалы, үркек сөзі жанды заттардың сынын білдіреді. Үркек ат, Үркек бас, Үркек тайлақ деуге болса да, үркек ешкі, үркек бала деуге болмайды. Сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Сөз тіркестері еркін, тұрақты болып келеді.