Сан есім- есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Морфологиялықсипаттары жағынан сан есімдердің өзіне тән зге сөз таптарына ұқсамайтын ерекшнліетері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылыды, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына текқана есептік сан есімдер жатады да ал туынды сан есімге есп тік сан есімдерге -ншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Сан есімдер құрамына қарай іштей дара және күрделі болып екітопқа бөлінеді. Дар сан есімдердің сан тілімізде 20-шақты ғана. Қалған сан есімдердің барлығы күрделне жатады. Сан есімдер сан мөлшерін абсракт түрде атайтын сөздер болғанымен,олар семантикалық,морфологиялық және синтаксстік жағынан іштей алда-алдына жеке категориялар ретінде танырлықтай бірнеше тпоқа өлінеді. Сан есімдердің осылайша іштей жіктелетін топтарының кейбіреуі заттың сынның немесе амалдың дәл санын білдіретін болса, кейбіреуі ретін білдіреді, үшінші тобы сандық ұғымның бөлшегін, төртінші тобы заттарды топтап көрсетеді.
Осындай тұрғыдан қарағанда сан есімдер есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық және бөлшектік болып алты топқа бөлінеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
- Мырэабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А,1986.
3.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А,1999.
4.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
5.Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
6.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А, 1991.
- Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 1982.
- Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
- Әміров Р. Жай сөйлем синтксисі. А, 1983.
- Жиенбаев С. Синтаксис мәселері. А,1959.
- Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А, 1994.
№ 6 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Сын есім, оның түрлері
Жоспары :
1.Сын есімнің түрлері.
2.Сын есімнің шырайлары.
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.
Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады, ол сын есімнің заттануы деп аталады.
Сын есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметін атқарады: Кәрі ағаш иілмейді. Жаңа сыпырғыш жақсы сыпырады. Қисықтың көлеңкесі де қисық.
Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді: үлкенді сыйла, жақсыдан үлгі ал т.б.
Сын есім мағынасына қарай сапа және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапа сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.
Негізгі және туынды түбір сын есімдер
Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады: қоңыр, сары, қара, семіз, сұр, аласа, жылы, ірі, кіші, жұқа, қалың т.б.
Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас (адам), сөзшең т.б.
Дара және күрделі сын есімдер
Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.
Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
- Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.
- Сапа сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. Б.
- Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.
- Қатыстық сын менқатыстық сынныңтіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. б.
- Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.