Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әралуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мыс: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қтар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, социализм, революция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Бұдан зат есімнің лексикалық-семантикалық сипаты салалы да, қарымды екендігі байқалады.
Зат есім деп аталатын сөздердің өздерін тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарын қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жікті жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады, екіншіден, зат есімнң сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.
Зат есім тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйтқы, әрі өзек болып қызмет атқаратындақтан, әдетте, сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Даганмен, зат есімдердің ең негізгі қызметі – бастауыш., толықтауыш, анықтауыш болу. Зат есімдер сапаны, сынды, белгіні, санды, әртүрлі қатынасты білдіретін анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тәуелділікті білдіретін анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе береді.
Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні, демек, семантикалық морфологиялық және синтаксистік белгілерді ұштастыра қарағанда ғана, зат есім деп аталатын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады. Өйткені зат есімнің ең негізгі белгісі заттың субстантивтік мағынасын білдіру болса, ондай заттық субстантивтік
Ұғымды білдіру қабілеті басқа сөз таптарында да болады. Мыс: Жаманды көре берсең, ой кірлейді, жақсы сөз көзді тазартады. Қараның ашуы келгенше, сарының жаны шығады. Деген сөйлемдердегі сын есімдер мен есімшелер заттық ұғымдарды білдіріп тұр. Солай болсма зат есімді тек бір ғана семантикалық баелгісіне қарап қана анықтау қателікке ұшыратуы мүмкін.
Жалпы алғанда, грамматиканың да, грамматикалық талдаудың да негізгі міндеттерінің бірі – белгілі бір категорияға жалпы сипаттама берумен қатар, олардың ішінде өзінше ерекшеліктері бар топ-топтардың да сыр –сипаттарын ашу , оны баяндау болмақ.
ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.
Жалаң зат еісмдер екі салаға бөлінеді: біріншісі – түбір зат есімдер, екіншісі – туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаға бөлшектенбейтін, тек қана бір түбір морфема ретінде қолданылатын заттық атуларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетін, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалатын заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге екі я одан астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есмдер қазіргі қазақ тілінде 4 түрлі:
- біріккен зат есімдер
- қосарланған зат есімдер
- құрама зат есімдер
- қысқарған зат есімдер.