Дауыстылар гармонясы заңдылығы екі түрлі ыңғайда көрінеді: 1) палатальдық гармония немесе дауыстылардың жуан және жіңішкежағынан үндесуі. Көне түркі тілінде дауыстыларың жуан-жіңішке үндесуісөздің басынан аяғына дейін сақталады; 2) лабиалдық гармония немесе даустылардың ерін үндесуі.
Түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Түркі тілдерінде соңғы буынның екпінді болуы ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздерінің негізінен бір буынды болып қарқынмен айтылатыны қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсиф формаларының қалыптасуы о баста басқы буынның кейінгі буынға қарағанда басым болғандығын дәлелдейді.
Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсиф формаларынана да айқын байқалады.
Мысалы: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, ап-пақ, т.б.
Мұнда екіпн алдыңғы күшейтпелі буынға түседі.
Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы әсіресе лепті сөйлемдер құрамында кездеседі. Лепті сөйлемдер құрамында жұмсалған одағайлар экспресивтік мәнерге қарай екпіннің орынын өзгертіп отырады. Сөз кенеттен болған қорқынышты білдірсе, екпін басқы буынға түседі.Егер таң қалуды білдірсе, соңғы буынға түседі. Бұл фактілер түрік тілінің көне дәуірінде екпін сөздің басыңқы буынына түскен дейтін пікірдің дәлелді емес екеніні көрсетеді. Осыны ескерсек, басқы буынға екпін түсу кезеңін көп буынды сөздер қалыптасқан дәуір деп қарауға болмайды.
Дауыстылардың гормониясыекі жағдайда: жуан дауыстылардан соң жуан, жіңішке дауыстылардан соң жіңішке дауыстылардың айтылуынан көрінеді. Мұны ғылыми әдебиеттерден палтальдың гормния деп атайды. Көне түрік тілінде дауыстылардыңжуан-жіңішке үндесуі сөздің басынан аяғына дейін сақталады. Ерін дауыстылардың үндесуі: (лабиальдық гормония) туралы кейбір еркшеліктерді ескеру керек болады. Ең, алдымен қазіргі түрік тілінде лабиальдық гормония заңдылығының таралуы бір қалыпты емес. Түркі тілдерінің көпшілігінде дауыстылардың еріндік үндесуі жүйеге түспеген мыс қазақ тілінде еріндік үндесу екінші буыннан аспайды. Кейігі буындарда көмескеленген. Сондықтан жазуда ескерілмейді. Ал, түркі тілдері ескерткіштерінде сөз құрамында еріндік үндесудің біркелкі келетін жүйесі сақталмаған. Ол тілде бір сөзде бірінші буындағы ерін дауыстының кейінгі буындағы дауыстыға ықпалы болса, екінші бір сөзде ондай ықпал болмайды: буңсыз, суңыз. Енисей ескертікіштерінде кейінгі буындағы ы, і дауытылары басқа, буынағы еріндік дауыстының ықпалымен еріндікке айналады.
Қырғыз тілінде лабиализация заңдылығының кең тарағандығы соншалық, кейінгі буындағы ашық дауыстыларда алдыңғы еріндіктің әсерімен еріндікке ыңғайланады. Қазақ тілінде лабиализацияаның бұл түрі тек диалектілік ерекшеліктерінде ұшырасады.
Дауыстылардың гормониясы заңдылығы қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер мен формаларға таралады деп қарауға болмайтыны белгілі. Тілдің сөздіңк қоры тек қана таза қазақ не түркілік сөздер құрамайды.Әр кезле әр түрлі жағдаймен байланысты басқа тілдерден енген сөздер мен формалар бар. Мұндай сөздердің көпшілігі гормания заңдылығыан бағына бермейді.Кітап, мұғалім тәрізді сөздер сондай. Сол сияқты әдеби, рухани сөздерінің құрамындағы -н асхана сөзінің құрамындағы хана аффикстерін осы заңдылық бойынша өзгертуге келмейді. Өз тіліміздің табиғатында -паз, -қор, -нікі тәрізді аффикстер де бұл заңдылыққа бағынбайды.
Қазақ тілінде бірінші буын құрамындағы дауысты дыбыстардың мынадай сәйкестіктер кездеседі: а-е, а-ы, о-ы, а-і, о-ұ- ө-ү. Мысалы, адраңдау – едіреңду, маңқию – мыңқию, шамқай – шымқай, балбырау – былбырау, тарсаңдау – тыржыңдау, шаңқылдау – шіңкілдеу, ондай – мұндай, оқсат – ұқсат, шөкім – шұмқұм, т.б. Мұндай фактілер қазақ тілінде баршылық. Жоғарыда көрсетілген дауыстылар сәйкестігінің қазақ тілінде ұшырасу дәрежесі бірдей емес. Айталық, а-е, сәйкестігі басқаларына қарағанда мал да, ө-ү, а-і сәйкестіктері сирек. Оның үстіне а-і, ө-ұ сәйкестіктерін ашық, қысаң паралель деп қараудан гөрі жуан-жіңішке деп қарау әлдеқайда қолайлы Оған себеп: а-нің қысаң варианты ы, ө-нің қысаң арианты ұ болу керек. Бұл ретте қазақ тілінде болған кейбір фонетикалық, лексикалық өзгеріс байқалады, шаңқылда сөзінің тікелей фонетикалық фарианты шыңқылда болуы керек. Қарғыз тіліндегі чынқылда сөзі осы мәнде қолданылады. Қазақ тілінде қ түсіп семантикалық өзгеріс нәтижесінже шыңқылда сөзі қалыптасты. Шұқым сөзінің диалектілік ерекшелік есебінде ұшырасаын шұқым варианты да бар. Дұрысында осы сөздерге алғашқы негіз болған шұқы, шоқы етістіктерін де варианты сөздер деп қарау қажет. Қазақ тілінде белгісіз тек қана шөкім сөзінің алғашқы түбірі. Алайда шоқы – щұқы – шөкі варианттарын көруге толық негіз бар.
Келтірілген сөз параларын байқап қарағанда Варианттар арасында мағыналық байланыста біркелкі емес. Адыраңдау – едіреңдеу, маңқию- мыңқию, шаңқылдау, шіңкілдеу .т.б. тәрізді варинанттар бір-бірінен бір ғана лексикалық мағынаның әр түрлі мәнерін білдіру жағынан ғана ажырайды. Бірақ ондай-мұндай, оқсат-ұқсат, арсыю-ырсию тәрізді жұп сыңарлы сөздер арасында осындай жіктелес байқалмайды. Оларды сингормониялық варианттар деп атау дұыс. Тілімізде кейін пайда болған варианттар да бар: жай – жәй, әкіреңдеу — ақыраңдау, т.б.
Сингормониялық параллельдер
Дауыстылар гармониясы заңдылығының табиғаты мен түрлері жайлы әр қилы пікірлер бар. кейбір авторлар мысалы богар зертеушісі Моллова, сингорманизм мен дауыстылар гармониясы дейтін терминдер бір ғана құбылысты білдіреді деп қарамайды, олардың айиуынша сингорманизм – буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз бірдей қатысты болатынтембр бірлігі. Алайда ол да сингорманизм бар жерде ғанадауыстылар горманиясы болатынын жоққа шығармайды. Сингорманизмнің ежелгі түрлерітек еріндік, езулік емес, ауыздың ашылуы дәрежесіне қарай да үндескен дейін пікір бар. Бұл пікір негізінен мынандай дәлелдерге сүйенеді: алтай тілдерінің өте ежелгі дәуірлерінде, әрі дауысты дыбытар фонемалық мән алмаған, жаңа граммтикалық форманттар қалыптаспаған дәуірлерді түркі тілдері де, осы заманғы кейбір тілдер тәрізді полисинтетикалық құрылысты басынан өткізеді. Лексикалық мағынамен бірге граммткиалық фарматтар мәні де жеке түбір арқылы берілтен полисинтетикалық құрылымда қатар тұрған түбірлер арасынла сингормонизм заңдылығы дауыстыладың еріндік, езулік болуына қарай жәнедыбыстау мүшелерініңашылуы дәрежесіне қарай да ыңайласқан. Кейінгі дәуірлерді, дауысты дыбыстарфонемалық өң алған кезде , полиснтетикалық комплекс құрамынан ажыраған түбірлер сол кездегі дыбысталу қалпын сақтап қалған. Бұған дәлел: қазіргі түркі тілдері арасныда, жеке бір тіл құрамында да, көптеп кездесетін сингорманиялық ванианттар мен параллельдері. Сөйтіп белгілі-бір дәуірде алтай тілдері осындай құрыслысты басынан кешірсе, ол дәуірдегі сингорманизм заңдылығын да үш түрлі көрінген болып шығады.
Бұ айтылғандар қазақ тілі немесе бір ғана тіл материалдар. Жалпы түркі тілдері аясында бір ғана түбірдің әр түрлі айтылуы мен олардың ыңғайлас, бірақ эквивалентті жұмасалу жүйеленген заңдылық. Мысалы: тува, қарағас – мын, мун,қазақ – мың, қазақ-бұлыт, якут – быыт, татар- болыт, қазақ- жұдырық, татар- йодырық, қырғыз – жудуруқ, якут — тыл, қазақ-тіл, басқа тілдер – дил, т.б. Бұлар айтылуында айырмашылығы бар, бірақ бір ғана мағыналық варианттар болып табылады.Сонымен қатар түркі тілдері, құрамында бір ғана түбірдің айтылуында да, мағыналық мәнер тұрғысынан да өзгешелеу болып келетінтұлғалар кездеседі: қазақ –жіп, жіңішке жіп, түркімен йүп, қазақ — сұлу, қырғыз –сылық. Вариантты сөздер құрамындағы дауыстылардың бірде жіңішке, бірде жуан, бірде ашық, бірде қысаң болуын көрші дыбстыңықпалымен түсіндіруге болмайыны айқын.
Сингормониялық варианттардың пайда болу дәуірі — полисинтетикалық комплекс болған кез емес, қайта сол құрылыстың агглютинацияға ауысу кезінде, сингорманизмнің функцинолдық мән алып, дауыстылардың жіктелген кезі.