Септеуліктер

граматикалық қатынастырды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субьстантивтенген өзгеде атаулы сөздерге септік бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әрқилы граматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.

Мысалы: Біздің мақталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? Жалт қарасаң, Шұға үйінен қарай кетіп бара жатыр екен деген сөйлемдері дейін, қарай септеуліктерін альп тастап Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болатын еді.

Өйткені алғашқы сөйлемде мақтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық т.б. мекемелердің бәріне жазып, сонан соң Алматыға жазғаны байқалса, дейін септеулігін түсіріп айтқанда мақтаның жайын тікелей Алматыға ғана жазғаны аңғарылар еді. Сол сияқты үйіне қарай дегенде Шұғаның үй жаққа бет алғанын аңғартатын болсақ, қарай септеулігін түсіріп, үйіне кетті дегенде Шұға ешқайда бұрылмай тура үйінен кетті деген мағына түсінілер еді.

  1. Атау септікті меңгеретін септеуліктер.

а) үшін – септеулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдермен, есімдіктермен –с, -ыс, -іс, -у, формалы қимыл атаулармен, -мақ, (-мек), -ған, (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Ал үшін септігі негізінде -у, -мақ, (-мек, — бақ, -бек, -пақ, -пек) формалы сөздерге және –мас, (-мес, -бас, -бес) формалы болымсыз есімшелерге тіркескенде мақсаттық мағына береді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген ауылда даяшы болу үшін туғандай еді.

ә) сайын септеулігі зат есімдермен, мезгіл атауларымен және –ған, (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркескенде, ол сөздерге даралау, саралау мағынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекетті дүркін-дүркін қайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым.

б) сияқты септеулігі сөйлемде зат есіммен, есімдікпен қимыл атауларымен тұйық етістікпен және –ған, (-қан, -ген, -кен), -тын (-тін) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да негізінде ұқсату мағынасын білідіреді. Мысалы: Украина жырларыда қазақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана айтылады.

в) туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауымен тіркесте белгілі бір хабар, ой-пікір, зат я іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады. Осы туралы септеулігімен мағыналас турасында, турасынан, жайында, жайынан, жайлы, жөнінде, жөнінен деген шылауларда бар. Мысалы, Десятник Гаврилов туралы сенімен ақылдасайын деп едім.

г) бойы, бойымен септеуліктері көбінесе мезгіл-мәнді зат есімдермен, есімдіктермен және –ған, (-қан, -ген, -кен) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да, белгілі мерзімнің бас аяғын қамтитындай мағынаны аңғартады. Мысалы: Өмір бойы шұлық жамап, етік тіккен Жұмабай жүр.

ғ) арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен және қимыл атауымен (тұйық етістіктермен) тіркесіп оларға “көмегімен”, “жәрдемімен” деген сияқты қосымша мағына үстеп бүтіндей тіркес белгілі бір баспалдақтық, сатылық ұғымдар білдіреді. Мысалы: Әуе труба арқылы келеді. Мейрем әлде кімге телефон арқылы әмір етті.

д) шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінен сан есімдерімен тіркесіп қолданылады да санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты мағтна үстейді. Мысалы: Бізден басқа отыз шамалы кісі бар екен, әскери киінген он шақты адам топтала қалды.

е) ғұрлы (ғұрлым) септеулігі атау формасындағы зат есімдермен, есімдіктермен –ған, формалы есімшелермен және субьстантивтенген өзгеде сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сөзбен шендестіреді.Мысалы: Менің ұзатылуым жетім қыздың той ғұрлы болмағынына күлкім келеді. Жалын үйітіп жатсадағы, сирағын шыбын шаққан ғүрлы оған болмады.

  1. Барс септікті меңгертетін септеуліктер:

а) шейін (дейін) септеулігі зат есімге көбінесе мезгілдік ұығамдардың атауларына, сан есімге, есімдікке және –қан, (-ған, -қан, -кен) формалы есімшелерге тіркеліп, негізінде мезгілдің я мекеннің аралық шегін білдіреді. Мысалы: Жақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын болды.

ә) қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге соның ішінде мезгіл атауларына, көмекші есімдерге және үстеу сөздерге тіркесіп белгілі бір мекендік бет алыспен бағытты және мезгілдік орайды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды.

б)өзара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияқты септеулік шылауларда өздері тіркескен негізгі (атаушы) сөздердің барыс септік формасында тұруын қажет етеді. Мысалы: Күзге салым туған ауылды ойлады. т.б.

  1. Шығыс септікті меңгертетін септеулікер:

а) гөрі септеулігі зат есімнің есімдікпен кейде –қан, (-ған, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңддау, талғау үшін жұмсалады. Мысалы: Бұл ұрған сайын күмпиі беретін борсық секілді, тілден гөрі таяқты сүйеді.

ә) бері септеулігі негізінен мезгілдік, шектік басталуына, кейде тұтас қамтылуына байланысты ұғымды білдіреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге және –қан ( -ған,-кен, -ген) формалы есімшелерге тіркесіп уақыттың я мерзімнің басталу шегін аңғартады. Мысалы: Кешеден бері жапалақтап жауған қар бүгін күн еңкейе басылды. Бір жылдан бері Ұлбосын жөнді ойын-той көрген емес.

б) кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, қимыл атауына –ған, (-қан) формалы есімшелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соңынан болатын мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді және соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. Мысалы: Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс – осы

в) соң септеулігі қолданылу ыңғайына қарай бірде мезгілдік қатынасты білдірсе, бірде септік мағынада қолданылады. Мысалы: Жаңығы сөзден соң кейбіреулер қуанды.

г) бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я оқиғаның алдын ала болуын білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Институтты мезгілінен бұрын бітіріп, биыл колхоздың орталау мектебі не оқу меңгертушісі болды.

ғ) бетер септеулігі белгілі бір іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен анағұрлым кошті болытынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Гүлжан бойын одан бетер жыйды.

  1. Көмектес септікті меңгертетін септеуліктер. Көмектес септікті меңгертетін септеуліктер – қатар, бірге шылаулары. Бұлар өзара мағыналас септеуліктер. Олар белгілі бір іс-әрекеттің бас бір әркетпен қабаттаса, жарыса жасалуын аңғартып қоса деген сөзбен мәндес форма тудырады. Мысалы: Барлық егіс көлемінде егіннің шығындылығын арттыру мен қатар, тың және тыңайған жерлерді қажет деп тапты.