Одағайлар

синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын орны ерекше.

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жай-күйі туралы да ұғымды білдірмейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, енсімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарының біреуіне де ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты одағай сөздер сөйлемде не не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді.

Сонымен қатар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тән лексиакалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен тіркесіп, оларды өзара байланыстыратын грамматикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет жоқ.

Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Олардың ерекшеліктері:

Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әртүрлі сезімініе байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мүны бастап жүрген кім екен ә? Япырымау, жастық деген қандай қызық? Дегендердегі ә, япырымау деген сөздер – одағайлар. А лғашқы сөйлемдегі ә күдіктенгендікті, соңғы сөйлемдегі япырымау деген сөз сүйсіну, шаттану жайын байқатады.

Екіншіден, адамның көңіл-күйі құбылмалы болғандықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы. Одағай сөздердің дәл амғынас сөйлемде аталатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады. Өйткені одағай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса, қабаттаса айтылады. Ендеше, сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай бірде сүйсіну, бірде кею, бірде ренжу сияқты сезім құбылыстарына қарай одағай сөздердің айтылу ырғақтары да құбылып отырады.

Үшіншіден,одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылатын сөйлемнің мүшесі бола алмайды.

Одағай сөздердің түрлері

Одағай сөздер көбінесе адам сесзімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойыншы сөз ретінде пайдаланылатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай?

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, я Дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып та қолданылады.

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелде, әтеген-ай, масқарай сияқты сөздер жатады. Мысалы: мәссаған деген одағайдың бастапқы төркіні- мә саған, бәрекелді деген одағайдың бастапқы төркіні- барақа аллаһу дегендерден шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапқы ақиқаттық мағыналарынан тіпті алыстап, таң қалу, ұнату, мадақтау, өкіну т.б. осы сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.

Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғақпен айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ретінде қолданылатын сөздер. Бірақ олар- іштей мүшеленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, әлеуметтік қызметі мен мәні әбден түсінікті болып қалыптасқан сөздер. Осы ерекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл күйлерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сұраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Мысалы: қане! Деген одағай келіңдер! Іске кірістікіске кірістік яіске кірісіңдер! Деген ишаратты білдірсе, міне! Деген одағай көрдіңдер ме айтқаным осы еді немесе осы сияқтыанған басқа мағынада қолданыла береді.

Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.

  • Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Мұндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекер болып қызмет атқарады. Мысалы: Әт-те-ге-н-ай- деді ол таңдайын қағып. Моһ! МоҺ! – деп кешкі тымық даланы басына көтерді дегендердегі одағайлар де етістігінің дәнекерлеуімен, қайтті, не деді деген сұрауларға жауап болып, сөйлемнің мүшесі бола алады.
  • Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі болады. Қойдың көл жағынан шәй-шәйләп бір бала түрегелді.