Етістіктің рай түрлері

Етістіктің бұйрық райының модальді мағыналары – семантика жағынан да, грамматика жағынан да қарымы кең формалар. Бұл рай іске қосу, амалды істеуге қорғау салу, түрлі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, өтініш ету, жалыну, бұйыру, әмір ету тәрізді өте көп модальдік мағыналарды білдіреді, демек, бұл рай сөйлеу сөйлеушінің белгілі бір істі жасау, жүргізу туралы көңіл қолынан туған талабын, тілегін білдіреді.

Қорғау салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да 1,2,3 тақтардың бәріне де арналады және етістіктің жалаң немесе күрделі түрлері арқылы да айтыла береді. Бұйрық райдың жетілуі мынадай.

І. жақта –а (йын), -(е)йін, -(а)йық, -(е)йік қосымшалары арқылы жасалған форалар таза бұйрық мағынасында емес өтініш, кеңес түрінде айтылады.

Мысалы: көрейін, берейін, қарайық, көрсетейік.

Дегенімен І жақ формасында тұрып, таза бұйрық мағынасында да қолданылатын кезі де болады. Мысалы

Сені енді қайтып бұл жерде көрмейін!

Нағыз бұйрық мағынасы ІІ жақ форасында қолданылады. Бірақ ІІ жақ форманың өзінде де өтініш мағынасы кездеседі. Әсіресе ІІ жақтағы формаға –ші, -ші, жұрнағы жалғанғанда, бұйрықтан гөрі өтініш, жолының мағынасы басым болып келеді. Мысалы: баршы, барыңызшы, барыңдаршы т.б.

ІІІ жақта да бұйрық рай мағынасы жиі аңғарылғаны өтініш, тілекті білдіру сәті де кездесіп тұрады. Мысалы: Ол үйден шықпасын деген де бұйрық мағынасы аңғарылса, көсегесі көгерсін, басынан жақсылық кетпесін дегенде тілек айтылып тұр.

Қорыта айтқанда, бұйрық рай формалы етістіктер бұйрықпен бірге өтініш, тілек мағынасын да білдіреді.

Қалау рай

Сөйлеушінің ықлас тілегін білдіретін рай түрін әрекетті жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынталығын, үміт – арманын қалау рай деп атайды.

  1. ғы, -и,-қы,-кі тұрақтары жане тәуелдік жалғауы жалғалып, барып кел көмекші етістігімен тіркеледі. Мысалы: барғым келеді, барғымыз келеді, барғың келеді, барғысы келеді.
  2. Етістікке ғай,-гей,-қай,-кей жұрнақтарымен жктік жалғауы жасалады. Мысалы: жазғайсық, жазғайсыз, -ғай(-гей,-қай,-кей) жұрнағы енді көмекші етістігімен тіркесіпте қолданылады. Мысалы: көргей едім, көргей едің, көргей еді.
  3. Етістік шарттары рай формасына игі еді немесе екен сөздері тіркесті қалау рай жасалады. Мысалы: келсе игі еді, келсе екен, келсе еді.
  4. –ар,-ер,-р тұрақты есімшелерге –ма,-ме сұраулық шылауымен еді сөзі тіркесіпте қалау мағынасын береді. Мысалы: Осының бәр жағар ма еді.

Шартты рай

Қимыл әрекеттің орындалу орындалмау шартын білдіретін етістіктің қай түрін шартты рай деп атайды.

Шартты рай формасы –са,-се жұрнақтары арқылы жасалады. Шартты рай негізінен, сабақтас, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының байандауышы ретінде жұмсалып, екінші бір әрекеттің орындалу не орындалмау оның шартын білдіреді. Мысалы (ол жақсы оқыса, біздің де жүзіміз жарқын болар еді) Жұрт түсінсе, іс оңалды дей бер.

Шартты рай формасы үш жіктеліп қолданылады. Оқысам, оқысаң, оқысаңыз, оқыса, оқысаңдар, оқыса. –са,-се, жұрнақтары барлық уақытта шартты рай мағынасын бере бермейді. Ол үшін келсе той болып жатыр екен деген сөйлемдегі келсе етістігін келгенде деген форманың орнына жұмсалып, шарт емес, мезгілді аңғарып тұр.

Сондай – ақ са+екен, са+еді формалары қалау, тілек мағынасын аңғартады.

Ашық рай

Ашық рай – қимыл әрекетінің орындалу не орындалмауы туралы обьектіні шындықты ашық аңғартатын етістіктің формалары.

Ашық рай формаларының шындыққа қатысының анықтығы шақты білдіруге тікелей байланысты. Мысалы: келдім, келе жатыр, келмекші деген “кел” етістігінің үш формасы өткен шақ, осы шақ , келер шақты аңғартатын формаларда тұрып, қимыл — әрекеттің орындалу мүмкіндігін анық білдіріп тұр.

Ашық рай форалары болымды және болымсыз етістіктен жасалып, қимыл — әрекеттің болу не болмауында анық көрсете алады. Мысалы: кетті, кетеді, кетеді-кетпейді.