Есімше

Есімше — әрі етістік, әрі сын есім тәрізді түрленетін етістіктің ерекше түрі. Есімше сын есім сияқты көптеліп, септеліп, тәуелделіп қолданылады: оқыған көп біледі. Айтарыңды айтып қал.

Есімшелер мағынасы мен тұлғасына қарай өткен шақ есімше, дағдылы өткен шақ есімше, болжалды есімше, ниет есімше болып төрт түрге бөлінеді.

  1. Өткен шақ есімшеге етістік негізіне –ған, -ген,-қан,-кен жұрнақтары жалғанып жасалған формалар жатады.

Өткен шақ есімше есімдерше түрленіп, сөйлемнің бастауыш, толықтауыш мүшелері болады. Бұл форманың есімағынасына өте тосын, зат есімге, сын есімге жалғанатын жұрнақтар жалғанып жаңа сөз жасалады.

  • –дық,-дік,-тық,-тік: оқығандық, көргендік, сезгендік (салыстыр: жақсылық, жамандық, тереңдік); 2) –дай,-дей: жүргендей, көргендей, білгендей (таудай, баудай); 3) –сы,-сі: айтқансы, көргенсі, білгенсі (сол адамсы); 4) –ша,-ше: барғанша, келгенше, жүргенше. Бұл форма туркологияда көсемше формалы сөз ретінде аталып жүр.
  1. Дағдылы есімше. Есімшенің бұл түрі -атын,-етін, -йтын,-йтін. және –ушы,-уші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жаз-атын, көр-етін, қар-айтын, сү-йетін, бар-ушы, кел-уші.

Дағдылы есімшелер үш жақта жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарғанда дағдылы өткен шақ ағынасында жұсалады. Мыс:

Мен баратынмын, сен баратынсың, сіз баратынсыз, ол баратын.

-ушы,-уші қосымшалары арқылы жасалған дағдылы есімшелердің қолданылу жағдайы басқашарақ болып келеді. Бұл форма, көбінесе атрибуттық мағынада және субстантивтенген жағдайда жиі қолданылады.

Болжалды есімше -(а)-р,-(е)-р жұрнағы арқылы жасалады. Мыс: айт-ар, кел-ер, қара-р, сана-р т.б.

Болжалды есімше –істің орындалу, орындалмауын болжай айтатын етстіктің формасы.Есімшенің бұл түрі болжалды мағынаны жіктеліп барып, баяндауыш қызметін атқарғанда ғана аңғартады. Мысалы:

Мен келермін

Сен келерсің

Сізкелерсіз

Ол келер

Ал зат есімнің алдында келіп атрибуттық қызмет атқарғанда болжалдық мағына аңғарылмайды. Мысалы: айтар сөз, келер қонақ, барар жер. Бұларды: айтатын сөз, келетін қонақ, баратын жер деп айтсада мағынасы өзгермейді.Ал осы синонимдес екі форма жіктелгенде мағыналары басқа- басқа болып шығады. Мысалы, мен айтатынмын дагенде дағдылы өткен шақ ағынасын берсе,мен айтармын дегенде басталды келер шақты білдіріп тұр.

Есімшелер де септеліп, көптеліп, тәуелдеген қолданылады. Бірақ бір формаларда тұрып, олар баяандауыштан басқа сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Мысалы: Берместің асы піспес. Барса келмеске кетті. Қайтарда соға кетті.

Басталды есімшелерге – тық, — тік, лық, -лік, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары толғанып, туынды сөз жасайды: білместік, терлік, жылардай, өлердей, көрместей.

  1. Ниет есімшелерге –бақ, -бек, -поқ, -пек немесе осы жұрнақ үстіне –шы, -ші, қосымшасы үстеліп күрделенген (-мақшы, -мекші т.б.) жұрнақ арқылы жасалған есімшелер жатады. Мысалы: көрмек-көрмекші, бармақ-барақшы, айтпақ-айтпақшы.

Ниет есімшенің қимыл әрекеті орындау не орындамау мақсат ниетін білдіреді. Ниет есімшелер басқа есімшелер сияқты жіктеліп, баяндауыш қызметін атқарады және келершақ ұғымын білдіреді.

Мысалы: Мен бармаспын, сен бармассың, ол барақ.

Ниет есімше басқа есімшелердей септеліп, көптеліп, тәуелденіп қолданыла бермейді. Бірақ кейбір фразаларда кездеседі: алмақтыңда салмағы бар.