- Дыбыс тілінің пайда болуы. Ежелгі заман ойшылдарының тілді әлеуметтік туынды деп санаған пікірлері дыбыс тілінің қайдан, қалай пайда болғандығына байланысты айтқан тұжырымдарынан байқалады. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының кай-қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан барлығы да тіл — адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама-қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Өз дәуірі тұрғысынан қарағанда бұл үлкен жетістік болғанымен, қойылып отырған мәселені ғылыми шешкендікемес. Адам қоғамы тарихының осы қиын күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден-бір ғылыми дұрыс болжамды марксизм классиктері еңбектерінен, әсіресе Ф. Энгельстің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің ролі», «Табиғат диалектикасы» атты зерттеу-лерінен табуға болады.
Марксизм классиктерінің болжамдарына қарағанда, дыбыс тілінің пайда болуы үшін екі түрлі алғы шарт қажет: бірі және ең алғашқысы — биологиялық, екіншісі — әлеуметтік алғы шарт. Ф. Энгельс Ч. Дарвиннің іліміне сүйене отырып, адам баласының арғы тегі бір кездерде ағаш басын паналап, ағаштарда өсетін әр түрлі жемістерді жеп күнелткен адам тектес маймылдар екенін айтады. Келе-келе тұрмыс жағдайы өзгеріп, бір кезде ағаштан ағашқа секіріп жүріп тіршілік еткен адам тектес маймылдар тіршілік азығын жер бетінен табатын болған. Тіршілікті жер бетіне аударған маймылдар тұрмыс жағдайына қарай алдыңғы екі аяғын жүріп-тұруға пайдалануды бірте-бірте сиретіп, оны әр түрлі жеңіл еңбек құралына айналдырған. Сөйтіп, төрт аяқтамай, бірте-бірте тік жүруге машықтанады. Жүріп-тұру міндетінің екі аяққа ауысып, қолдың еңбектің, жауынан қорғанудың құралына айналуы — Ф. Энгельстің пікірінше, маймылдан адамға айналудың ілгері басқан ең шешуші қадамы болған.
Екі аяқтап тік жүру — адам тектес маймылдың дене құрылысын, барлық органдарын өзгеріске ұшыратады, қалыпты адамдық түрге келтіреді. Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде «Мыңдаған жылдық күрестен кейін қол, ақырында, аяқтан жекеленіп, тік жүретін болған кезде, адам маймылдан бөлініп шықты, сөйтіп, анық сөйлеудің дамуы үшін негіз жасалды» деп жазады.
Тік жүруге дағдылану маймыл-адамның айуандық денесін адамдық денеге айналдырумен бірге оның ой-санасының жетілуіне де күшті әсерін тигізеді, дүние танымын молайтады. Сонымен, тік жүрудің нәтижесінде пайда болған сәйкестілік қарым-қатынас заңына лайықты барлық дене, ішкі құрылыстың солардың ішінде сөйлеу мүшелерінің де жетілуі — дыбыс тілінің шығуына қажетті биологиялық алғы шарт болып есептеледі.
Қол икемінің барған сайын артуы, жабайы, дөрекі түрде болса да еңбек құралын өңдеп пайдалану — маймыл-адамдардың жаратылыс күштеріне қарсы тіршілік үшін жүргізген күресінің нәтижесін бірден-бірге арттырып, олардың ой-өрісін, дүние танымын жетілдіреді.
Табиғаттың рахымсыз күштеріне жем болмау, тіршілік азығын табуды жеңілдету мүддесі маймыл-адамдардың қоғамдасуын, күш біріктіруін қажет етеді. Тұрмыстың өзі туғызған мұндай коллектив мүшелері әрекеттері жемісті болуы үшін өзара түсінісудің, келісіп істеудің қажеттігін бірте-бірте сезінеді. Осы қажеттілік, яғни басқалармен қатынас жасау қажеттігі дыбыс тілін дүниеге келтірген әлеуметтік алғы шарт болып есептеледі. Ф. Энгельс жоғарыда аталған еңбегінде «Қалыптасқан адамдарда бір-біріне бірдемелер айту қажеттігі пайда болады. Бұл қажеттілік өзіне орган жасады. Маймылдың жетілмеген көмейі үнемі өзгере берді, ал ауыз органдары бірте-бірте бір дыбыстан соң бір дыбыстыайқын айтуды үйренді», деп жазады.
Сонымен, дыбыс тілі өз табиғатынан-ақ әлеуметтік қажеттіктен туған қоғамдық кұбылыс ретінде дүниеге келген.
Дыбыс тілі алғашқыда неден басталады, қандай болды? деген сұрау адам қоғамы тарихы үшін де, лингвистика үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта да нақтылы жауап бере алмайды. Өйткені тілдің сол дәуіріндегі күйінен мәлімет берерлік ешқандай факті жоқ және оның болуы да мүмкін емес. Сондықтан бұл сұрауға берілетін жауап та дыбыс тілінің пайда болуы жөніндегі пікір сияқты ғылыми жорамалға, болжамға ғана негізделеді.
Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иеле-ршде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің алғашқы бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды. Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл-адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады. Қалай болған күнде де, өз дамуының алғашқы басқышында тұрған кезде дыбыс тілінің өте қарапайым, тым жұпыны, сөздік құрамы өте тапшы болуы табиғи нәрсе.
- Тіл және этникалық бірлік. Лингвистикада тілді адамдардың этникалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар. Ру тілі рулық бірліктің, тайпа тілі тайпалық бірліктің тілі. Кейінгілері де солай.
Ру тілі қолданушылардың саны жағынан да, даму дәрежесі қызмет өрісі жағынан да тілдік бірліктердің төменгі сатысы болса, ұлт тілі барлық жағына да оның жоғары сатысы. Тілдерді бұлай бөлу — этникалық тұрғыдан сипаттағандық. Этникалық бірліктің қандай түрінде болса да, олардың тұтастығын, бірбүтін екендігін білдіретін негізгі белгілердің бірі тіл. Тіл бірлігі жоқ жерде этникалық бірлік те жоқ. Қоғам дамуының әр тарихи кезеңдеріндегі этникалық бірлік атауларының тілге де атау болуы да сол себептен болса керек.
Тіл бірлігі — бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болуы да мүмкін. Соған қарай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі және құбылмалы болмақ.
Белгілі бір ұлт немесе этникалық бірлік тілінің бірнеше ұлттарға, этникалық бірліктерге ортақ тіл болуы қазіргі заманда да бар: мамандардың айтуына қарағанда, ағылшындар мен шотландықтар, солтүстіктегі американдықтар бір ғана тілде, ағылшын тілінде, испандықтар мен кубалықтар да тілде, испан тілінде сөйлейді. Сондай-ақ, неміс тілі бірнеше этникалық топтарға ортақ тіл болып есептеледі (неміс, австралиялықтар); Португал тілінде бразилиялықтар да сейлейді.
Әдетте, тіл бірлігі этникалық, ұлттық бірліктің негізгі белгісі болып есептеледі. Бірақ жоғарыда айтылғандай тіл бірлігі сол тілде сөйлейтін ағылшындар мен шотландықтардың, испандықтар мен кубалықтардың, немістер мен австралиялықтардың, португалдықтар мен бразилиялықтардың бір ұлт я этникалық бір ғана топ екендіктерінің кепілі бола алмайды. Мұндай қызметті тіл тек бір ұлт немесе бір этникалық топ ішінде ғана атқара алады.
- Тілдердің сандық шамалары менжіктелутүрлері.
Дүние жүзінде толып жатқан тілдер бар. Олардың нақтылы саны күні бүгінге айқындалған жоқ. Бұл мәселеге арналған әдебиеттердің әрқайсысында әр басқа сандық шама көрсетіледі: олардың бірінде 2500-дей болуы керек десе, 1965 жылы шыққан «Население мира» деген анықтамада екі мыңнан астам болуы керек деп жазады, ал «Коммунист» журналының 1965 жылғы 13 санында жарияланған Ю. Дешериев пен М. Каммари мақаласында 2500—З000 аралығында болар дейді. 1971 жылы Испанияда өткізілген тіл білімпаздары конгресінде дүниежүзінде 2976 тіл бар деп жазған.
Планетамыздағы барлық тілдер түгел көп үлтты бір мемлекет құрамындағы тілдер санын тап басып айту да оңайға түсе қоймайды. Мысалы, Советтер одағында қанша тіл бар? деген сұрауға да «жүзге тарта, жүзден астам, жүз жиырмадай, жүз отызға тарта» дегендер сияқты жауаптар беріледі. СССР Ғылым академиясы тіл білімі институтының соңғы хабарында біздің еліміздегі тілдер саны 128—132 аралығында делінген.
Ғылым атаулының қай-қайсысы да зерттеуді, түсінуді жеңілдету үшін өз объектісін түрлі топтарға бәліп, жіктеп қарайды. Бұл тәсіл тіл білімінде де кең қолданылады. Мұндай жіктеулер ғылымда латын тілінен ауысқан термин бойынша классификация деп аталады. Жіктелу объектілер арасындағы бірлікке, жақындыққа, ортақ белгілері негізделеді. Ондай ортақ белгілер, классификациялық белгі, классификациялық принцип деп аталады. Жіктеудің әр түрінің басшылыкқа алатын, сүйеніш ететін белгілері әр басқа болады. Мысалы, ареальдық (географиялық) жіктеуге негіз болатын тілдің немесе диалектілердің тарағанаймағының орналасу ыңғайының бірлігі болса, қызметіне қарай жіктеу тілдің өзін қолданушы қауыммен, халықпен байланысына(рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық тіл болыпбөлінуі), тілді қолданушылардыңәлеуметтікжіктеріне,сипаттарына (диалект, жаргон, профессионалдық лексика), генеологиялық жіктеу тілдердіңматериалдық жақтарындағы жақындыққа, туыстастық, төркіндестіккесүйенеді, ал енді типологиялық жіктеу сездердің тұлғалық құбылыстарындағы, сөздердің тұлғалық құбылыстарындағы, сөздердің өзара байланысыпсөйлемқұрау тәсілдеріндегі ұқсастықтарға негізделеді, т. б.