1.Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланың жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені “Адам-дүниені ұйымдастырушы, екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам –жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне балаларға осыны ұғындыру керек.” деген М.Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың балаға арнап айтқан өлең, жыр, ертегілерден басталады.
Бала өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған.
Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде,осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.
Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.
Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.
«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып , апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен , мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.
Бізге балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды.. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысымен шұғылданған педагогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға , тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.
Қазақта балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрыстырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы б ы р а йА л т ы н с а р и неді. Төрт бөлімене құрастырылған осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізілген. Ы.Алтынсарин тек балалар ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болады.Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады.
Халық шығармаларыныңкөркемдікпринципі — жағымды кейіпкерлердімейліншедәріптер суреттеу мен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді жиіркенішті , жексұрын етіп көрсетуге негізделген. Халық ауызәдебиетіндегі көркемдік әдістің творчествалықкүші өзіндік өзгешелігіміне осында. Адам өз ғасырыныңайнасы болғандықтан , ол өз заманыныңсипатын танытады. Біз осы негізге сүйеніп,балалар ауызәдебиетіндегі эстетикалық идеалға көңіл аударамыз. Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар,- депПушкин айтқандай, қай жерде шындық болса, сол жерде поэзия бар,- дейді Беленский . Бұл екеуі бірін- бірі толықтыратын өзекті мәселе. Бірақ өмір бар жерде өтірікте , қиянат та болады ғой. Ал қиянат бар жерде нағыз халықтың поэзия болуы мүмкін емес. Беленский айтқандай , соған қоса шындық керек. Шындық бар жерде өмір дегенің гүл-гүл жайнап, көркемденіп , жанданып сала береді. Халықты қанаттандырып, рухтандырып, ерекше әсер етеі. Сондықтан поэзия халық үшін өмір шындығын суреттеумен ғана әсерлі , шынайы көрінеді. Ал шындықты аңсау халықтың эстетикалық идеалынантуған. Бұдан шығатын қорытындыэстетикалық ешқандай көркем шығарма тумайды. Өйткені, идеалсыз өнерөмірдің тек салқын , жансыз нұр сүлдесіне айналған болар еді.
Халықтың әдеті , салты, дәстүрі , ғұрпынан тыс фольклор болмайды. Сондықтан фольклордағы эстетикалық идеал халықтың салтымен , әдетімен , ғұрпымен , дәстүрімен кәсібімен тығыз байланысты дамытады да, әрқашан әр түрлі жағдайларға байланыстыхалықтың көңіл-күйін танытып отырады.
Күйіну- сүйіну үстіндегі эстетикалық идеал – ауыз әдебиетіне тән ең тамаша ерекшелік.
Балалар ауыз әдебиетінде эстетикалық мазмұн , эстетикалық идеал әр жақты , әр алуан мол болды. Соның өзі балалар санасының дамуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Өйткені, балалар ауыз әдебиетінде халықтың болашақтан үміт еткен эстетикалық идеалы өте күшті сезіледі. Әсіресе жыршының шығарманы суырып салып орындап отырған кезінде оқиғаның ақиқатына жетердегі адамның жан дүниесін тебірентіп эстетикалық әсері тым күшесісіп отырады. Ауыз әдебиетінің ең тамаша ерекшелігі оның осындай күйінше -сүйінше үстіндегі эстетикалық әсерінен байқалады.
Егер ауыз әдебиетінің осындай қасиеттерін кино немесе магнитафон , не кітап арқылы бермен болсақ , ол өзінің эстетикалық әсерін мүлде төмендетіп алған болған еді. Демек халық шығармаларындағы жақсы адам эстетикалықидеалдан туған еңбекқор шаруаның типтік образы екені көрінеді.
Халық шығармаларында типтік образдардың портретін суреттегенде аппақ етін –қарға , қызыл бетін қанға , оған ғашықтығын кеудесіндегі жанға балап айту бар. Осыдан келіп оның ер көңілділігі , ер болып туып , ел алдында халқы үшін қызмет ететіні бірге суреттеледі.
Эстетикалық тәрбие көркем өнер мен әдебиетінің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың толық түсініп , сол шығармалардан рақаттанып, рухани азық алдын көздейді. Бұдан шығатын қортынды эстетика адамның шындықты көркем түрде игерузаңдылығын білдіретін ғылым, соның жалпы заңдылығын көркем түрде танытатын ғылым . Эстетикалық идеал-халықтың арман мүддесін бейнелеп, шындықтың шексіз шыңына жетуге тырысатын көркемдіктің шырақтау шегі.
2.«Бесік жыры» және ондағы эстетикалық идеал.
Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы- жыр, өлеңнің бірінші бастамасы « Бесік жыры» десек, қателеспеген болар едік. Бесік жырында қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі , халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген .Оның сөз жүйесі мен ырғағы , мән – мағынасы аса ұқыпты. Ана сәбиді тербете отырып « бесік жырын» айтады. Ересектеу баласына бөбекті тербеттіреді , ал ересектеу бала анасынан үйренген өлеңді айта отырып тербетеді.
Бесік жырларында дүниеге жаңа келген жас нәрестенің балашағы ойлап , қолдан келер мүмкіндіктерін сонаң жолына бақыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл , ынтымақшыл , сыйпаттап көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген , баладан адамгершілік қасиетті талап еткен . Қолы ашық , алақаны жазық береке иесі болсын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан .Баланы күту , бағу , тәрбиелеу , әлпештеп ақ бесікке салу , оның мәңгілік қамқоршысы болу –ата анасының , борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету,оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтың салтқа , әдет – ғұмырна , эстетикалық идеалға айналға .
Бармақтарың майысып ,
Түрлі ою ойысып ,
Ұста болар ма екенсің.?
Бала халыққа әр жақты өнермен , білімімен, игілікті ісімен танылса деп арман еткен қауым :
Таңдайларыңтақылдап ,
Сөйлегенде сөз бермей ,
Шешең болар ма екнсің?-
Деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды .Қай існе , қай өнерге болса да икемі бар , бір сырлы , сегіз қырлы азамат болуын көздейді.Әйтеуір қандай іс , қандай өнер болса да өзінің бейіміне, ықылас -әрекетіне қарап нәсіп ете юеруіне халық ертеден – ақ аңсаған .Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баулы беруді , ынталандыра беруді мақсат еткен. «Бесік жырыны» мазмұнына тереңрек үңілсек , одан адамның бастан кешірген бар тағдыры көрінгендей болады . Бала тербете отырып , ана кейде өз басынан кешкен куанышын да , рахатында ,қоса жырлайды .Бала болашақтан куткен зор үмітке арман тілекке, біреуге тәуелді болмай ,ерікті түрде өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен деп ,жас басынан баланың кұлағына құйып отырады:
Кең балағын түсіріп,
Ойға ,тауға жүрісіп,
Балуан болар ма екенсің?
Немесе:
Құрағыңды майырып.
Түнде жылқы қайырып.
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Деген ананың асыл арманы эстетикалық идеалы — жалпы халықтық тілекпен үндесіп , өзектесіп жатады.
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп.
Батыр болар ма екенсің?
Мұнда жеке бастың пайдасына бола даңқ, атақ алу үшін емес « атасының баласы болу» үшін емес , адамның баласы болуын тілегендіктен айтылған халықтың асыл ойлары берілген. Өз отанын қорғайтын азамат болар ма екен деген тілектер қойған. Бала жұбатудан басталатын бірнеше тілек- мақсаттар асық болашақтан күткен арманынажетудің жалғасы боладыдеп мезгеген « Бесік жырының» әсем де жеңіл айтылуы , оның сазды әуенге қосылып , сондалық баппен шырқалуы баланың көңіл күйін ашып , оны мәз- майрам күлкігешомылдырады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да , бесікте жатқан баланың да жүректері бірге соққандай әсер береді.
«Бесік жыры» ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласумен қатар оған бала жұбату, тәрбиелеуде заманы қойған тілек, мақсаттарға қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар да қосыла берген.
Айналайын балдырған,
Қылығың мейір қалдырған
Күйші болар ма екенсің,
Өнердің отын жандырған, —
Деп, біздің қазіргі қойып отырған талаптарымыз да аналар сөзімен қоса жырланатыны бар. Қорыта айтқанда, «Бесік жыры» — мәңгілік қріс алып, одан әрі дами беретін балалар ауыз әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің алтын ұрығы, жыр, өлеңнің бірәінші бастамасы.
Балаға үміт артарлық осындай тілек мақсаттардың қойылуының өзі де олардың ақыл-есін жетілдіріп, көңіл күйін оятып, болашаққа, алға қарай талпынтады: талпрыну талаптарға, ілгері қарай ұмтылуға, жігер қайратының шыңдалуына бастайды. Осының бәрі көркем шығармалардың күшін және әдемілігін жақсы сезіну арқылы жетілетін игі нәрсе. Екінші сөзбен айтқанда, көркемдікті, әдемілікті, жақсылықты түсіндіре берудегі эстетикалық тәрбиенің жемісі.
Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісіне халық осындай зор мән берген. Өйтекні балаға жақсы тәрбие беру үшін оны ең алдымен бес жасқа келгенге дейін дұрыс тәрбиелей білу керектігі жайында А.С. Макаренко кезінде өте дұрыс айтқан . Халық бала тәрбиелеуде өздерінің асыл ойларын , мол тәжірибелерін көбіне өлеңге , әнге қосып айту арқылы баланың ой- ықыласын тез баурап алуға болатын әдіс- айлалар қолданғанын білеміз. Өйткені , әйткуір бірсебептер қатты ызаланып шырылдап жылаған бала жай сөзге еліге қоймайды , тербете отырып айтылған жақсы ән мен тәтті күй ғана оның көңілін жұбата алады . Бұл эстетикалық жылы ләззаттық зор әсері мен құдыретті күшімен туған көңіл күйін аулайтын жақсы тәрбиенің жемісі.
“Тұсау кесу ” жырындағы эстетика. Қазақ халқы тек бесікте жатқан балдырғандарды ғана қалай тәрбиелеу керектігіне көңіл бөліп қоймаған, олар сонымен қатар аяғын апыл-тапыл басып , қаз-қаз тұрған балаға қалай қарау керектігін өлеңге , әңге қосып айтып, оны дазор қуаныш көрген, “Тұсау кесу” жыры деп айтылатын халықтық өлеңде бұл жайында мынадай терең ой бар:
Қаз,қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.
Бұл балдырғандарға қойылған бір інші шарт, бір інші тілек десек, бала сол тілекті орындауды өзіне зор қуаныш көреді де, оған мәз болады. Оның қаз тұруы ата-ана тілекгін орындағандықтың алғашқы қадамы болып саналады. Өлеңде ешқандай бұйыру жоқ, тек қана тілек бар.Ол тілек әсем сазды өлеңмен айтылады.
Қаз,қаз,балам,қаз, балам
Тақымыңды жаз,балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Бір ден-бірге алға қарай жетектеп, өмірге баулып, үйретіп келеді.
Осының бәрі де баланың Жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі.Өйткені жастайынан ән мен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала, есере келе өздері де көңіл күйін әнмен, өлеңмен білдіруге талаптанып, осыған әуестене бастайды.
3.Адам түгіл жануарлар да өз балаларын жақсы көреді .Қатерлі жаудан қорғай біледі .Олар да өз балалрын әлпештейді ,сүйеді .
Қой сүйеді балалсын “қоңырым” деп,
“”Ештеңені білмейтін момыным ”деп.
Сиыр сүеді балалсын “торпағым ”деп .
“”Қараңғыда бапаған қорқағым деп ”
Міне ,бұл балалар үшін қызықты өлең .Әрі ,қысқа әрі ықшам болған мен мазмұнға бай .Бұл халық даналығының қайнар бұлағынан шыққан бағалы еңбек .Мұнда жануарлар өз төлдерін иқалай сүіп қалай құрметтейтінін көрсету ғана емес,сонымен қатар ,мал шаруашылығымен таныстыру ,оны құрметтей және ардақтай және күте білуге шақыру бар.Әр түрлі малдардағы мінез-құлықтардың барлығымен таныстыру үшін де бұл өлеңнің маңызы зор .Халық шығармаларындағы балаларды тәрбиелеумен қатар,оларды шаруашылық жұмыстардың барлық түрімен таныстыруға ,соған үйретцуге де зор мән берген.
Бұл өлеңнің тағы бір өзгешелігі ерте заманда қазақ халқы өзінің көшіп –қонып жүруіне байланысты тек қана мал шаруашылығымен кәсіптік еткенін аңғартады.
Қазақтың науызға байланысты жырларын атап айтсақ мыналар.
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз
Наурыз біздің ұлттық мерекеміз .Наурыз халыққа жақсылықтың жаршысы ретінде қарасырылады.