Кез келген тілдің дыбыс жүйесі тілдегі дыбыстардың құрылысын және оның жүйелі заңдарын тексереді. Фонетика сөзінің түбірі – алдыңғы үш дыбыс – фон сөзін басқа жерлерде де кездестіреміз, мысалы: граммафон, телефон, фонограф сөздерінде. Бұлардың қайсысында болсын, фон –дыбыс деген мағынада жұмсалып тұрғанын байқаймыз. Фонетика – грек тілінде – дыбыстық – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Ғұлама ғалым қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп алған. Әзірше фонетика мен дыбыс жүйесі деген сөздер синоним ретінде жұмсалып жүр. Фонетика қазақ тілінің дыбыстық жүйесін әрі ғылыми,әрі практикалық тұрғыдан қарастырады.
Фонетика сөзінің соңғы екі буыны болған тика жалғауын грамматика, косметика сөздерінде де ұшыратамыз. Мұның бәрінде де тика жалғауы “жүйе”, “ғылым” мағынасында екенін аңғаруға болады. Тілдік қатынас екі түрлі болды: сөйлеу және жазу. Сөйлеу іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту болса, жазу – сөйлеудің қағазға түскен бейнесі.
2.Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мағынасыз көрінетін дыбыстар бір-бірімен ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер құралатыны мәлім. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де, жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүре алатынын аңғару қиын емес.
Тілдің дыбысты жағы – оның өмір сүру амалы. Кез келген тілде қолданылатын санаулы ғана дыбыс тілдің сөздік құрамында белгілі бір жүйемен қиюласып, тіркесіп, қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілідң бет пішінін, болмасын айқындап, басқа тілдерден ерекшелендіреді. Фонетика табиғаттағы барлық дыбыстарды зерттемейді, тек сөйлеуге пайдасы бар, адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалған дыбыстарды ғана зерттейді. Фонетика дыбыс болған жердің бәрін тексереді деуге болмайды. Күннің күркірегені, арбаның салдыры, мылтықтың тарсылы, қасқырдың ұлығаны – бәрі де дыбыс, бірақ оларды фонетика қарастымайды.
Музыка да дыбыс, оның бір тарауы ән – адамның дыбыс мүшелері арқылы жарыққа шығады. Солай десек те бұл тіл дыбысы емес. Сол сияқты жылау, күлу де қоғамдық күштердің қысаптарынан шығады, сонда да оларды тіл дыбыстары дей алмаймыз.
3.Фонетика тіл дыбысы болған жердің бәрін қарай бермейді, тек дыбыс тілінің дыбыстарын ғана қарастырады. Шығыста әйелдер тұрмысы ерекше жағдайда болғандықтан, әйелдерге арнаулы түрде әдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда молынан кездеседі. Сол әдет-ғұрып ерекшеліктерінің бірі – осы күнге дейін Кавказда, Армян, Грузин, Түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. Жаңа түскен келеншек кей жерде бір айға, кей жерде бір жылға шейін ата-енесімен дауыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Дыбыс арқылы құралған сөздер адамның бір-біірмен түсінісуі, пікірлесуі үшін қызмет атқарады.