Радионың өзі – дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс.Дыбыс өнері өмір шындығын,көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді.Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа сырлардан ерекшелігі,өзіне тән ерекше сипаты.
Дыбыстың таралуына қарай екі толқынға жіктейміз : Қатты денелерде көлденең толқындар,бос кеңістікте (ауада) серпінді толқын.Сөйлеген сөз серпінді толқын арқылы тарайды.Дыбыс қабылдағыштар қабылданған дыбыс толқынын энергияның басқа түріне айналдырады.Техникада дыбысты қабылдау үшін электроакустикалық түрленгіштер пайдаланылады.Мысалы, ауада микрафон,суда – гидрафон,жер қыртысында – геофон.
Дыбыстың естілуіне қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады.Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбысты 50 дб. Деп алсақ, одан қаттырақ сөйлегеніміз 60 дб., 100 дб. Деп есептелуін есептей аламыз. Децибл – (дб)дыбыстың немесе шудың естілуін,таралуын есептейтін бірлік.
Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. Тыныш бөлмеде 30 дб. Болады.Радио үйінде хабар дайындалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған.Естілуі 10 дб. Ге тең.
Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапозонға бөліп жіктеген:
Алғашқы диапазон – 3 гц. Пен 30 герц аралығы немесе толқынның ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді.Шеткі төменгі жиілік немесе диаметрлік толқын.Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда ғана қолданылады.
Екінші диапазон – шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 гц. Аралығы. 10 мыңнан 1 шақырымға жетеді.Мегометр деп аталады да су астындағы қаықтар мен морзе әліппесі арқлы байланысады.
Қазіргі кезде пайдаланбай қалған үшінші диапазон – инфратөмен 300 ден 3000 гц. әлде 1000 мен 100 шақырым орталығы.
Келесі төртінші диапазон — өте төменгі жиілік – 3 пен 30 гило герцті метрлік деп атайды.ұзындығы 100 бен 10 шақырымға жетеді. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна,жоғары қуаттылық қажет және ауа рауы бір қалыпты болуға тиіс.
Соңғы диапазонға ультрақысқа толқындарды кірнгіземіз.Бұған барлық радиотолқындар жатады.Қысқа толқындарды негізінен көп каналды байланыс орнатып,телефон,радио,теледидар арқылы кең көлемде хабар қабылдау,таратуға мүмкіндік туды.
Дыбыстың екі ұғымы бар : бірі – қоршаған ортада,ауада,суда тағы басқа жан жаққа бірқалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физикалық құбылыс.Ал екіншісі , дыбыс орындарына осындай дыбыс толқындары тудыратын ерекше сезім.Дыбыс табиғатының осындай екі жақты қасиетіне қарап, музыкалық не музыкалық емес, немесе естілетін,естілмейтін дыбыс, тіпті көрінетін немесе көрінбейтін дыбыс деп қараймыз.
Дыбыс – толқын. Дыбыстың жиіліктері. Егер дыбыс ауада таралатын толқын болса,онда ауа бөлшектері қозғалысқа түскен сайын,дыбыс шығып отыруы керек.Яғни бөлшектер тербеліске түседі.Тәжірибенің дәлелдеуі бойынша, 20 дан 20000 герцке дейінгі жиіліктегі толқынды адамның есту мүшесі арқылы сезіне алады,ал 1 секунд ішінде қолды 20 рет сермей алады.
Дыбыс қасиеттері. Есту мүшесі – құлағымызға келіп жеткен дыбыс толқындары арқылы дыбысты естиміз.Есту мүшесінің ең маңызды бөлігі құлақ жарғағы.Келіп жеткен дыбыс толқындағы тербеліс жйілігіндей жйілікпен дбыс толқындарын тудырады.Олар миға дыбыс сигналы болып жетеді.Дыбыс әртүрлі болады. Әйел даусы,ер кісінің даусы,бала даусы т.б. дегендерді оңай ажыратамыз.Оладың өзіндік ерекшеліктері.бар.
Біз дыбыстар әлемінде өмір сүреміз.Қай жерде болмасын түрлі дыбыстардың ортасында боламыз.Өмірімізге етене кіріп,араласып кеткені сонша сағаттың тықылын,адамның жүрегіндегі соғу дыбысын, айналамыздағы түрлі шуларды елемейміз.