„Абай жолы” эпопеясындағы „Ақын аға ” романының тағдыры (3-кітап бойынша).

Ендігі сөз жазушының „Ақын аға ” романы туралы. 50- жылдардың басында абайтанутарихында М.Әуезовті қаралаудың жаңа бір кезеңі туғаны. Ондағы айтыс, негізінен, М. Әуезов ғылыми еңбектерінде тұжырымдаған Абайдың ақындық мектебі және 1950 жылы жарық көрген „Ақын аға” романындағы Көкбай Жанатаев бейнесінің төңірегінде болды.

Абай айналасында болған шәкірттерінің ішінде ұзағырақ өмір сүріп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты ғылымға аса құнды деректер берген Көкбайды М: Әуезов „Ақын аға” романында Абайдың жүйрік ақын шәкірті, адал досы, сенімді жолдасы ретінде бейнелейді.

М.Әуезов осы үшін Көкбайды діндар , хандық дәуірді көксеуші, орыс пен қазақтың достығына сына қағушы, жат пиғылды ақын деп білген ұр да жық сын соққысына ұшырайды.

Осыған байланысты эпопея желісіндегі Көкбай жайлы мәселеге тоқтала келіп, М. Әуезов 1951 жылы „Знамя” журналында „Абай жолы” деп жаңадан ат қойып, түзеп жазып шыққан романына сегіз баспа табақ өзгеріс енгізгенін атап өтеді. Және жазушы әрі ғалым ретінде әділетсіз сынға сын айтады. Осы сарындағы солақайпікірлер „Ақын аға” романының екінші нұсқасы „Абай жолы” деп өңделіп, қайта жарық көрді.

М. Мырзахметов өзінің „Мұқтар Әуезов және абайтану проблемалары” деген кітабында жазушының „Ақын аға” романын „Абай жолы” деген атпен қайта жазып шыққанын, жаңа нұсқада Көкбайға, оның Абылай жайлы шығармаларына байланысты өзгерістер ендіргенін атап өтті. Зерттеушінің : „Жаңа жазылған „Абай жолы” романында жазушы „Сабалақ” дастаны мен шығарма авторы Көкбай дүниетанымының келеңсіз жағын өз болмысына сай суреттеп берді ”.

Романның екі нұсқасының соңғы тарауларында М: Әуезовтің Көкбай туралы бір-біріне кереғар екі позициясы анық көрінеді. Өкінішке орай, жазушы Көкбай ақын, оның „Сабалақ” дастаны туралы екі нұсқада бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас ұстанды. Екі нұсқада да соңғы тарау „Қоршауда ” деп аталады. „Ақын ағадағы” бұл тарауда әдеби жыл қорытындысы іспеттес Абай алдындағы ақын шәкіріттерінің мәжілісін суреттеуге жазушы „Абай жолындағы” сәйкес бөлімнен екі еседей аз көлем алты-жеті беттей ғана арнаған. Жазушының суреттеуінше, басы адамға да, малға да жайлы боп басталған биылғы қыс шәкірт ақындар үшін мейлінше жемісті болғанға ұқсайды. „Ақылбай Африка өмірінен „Зұлыс” әңгімесін дастан етіп әкепті. Бейсенбай „Қозы-Көрпеш ” жырын Абайдың арнап тапсыруды бойынша бір үлкен ерлік істі жыр етіпті… ”Жазушы бұдан кейін „ Тағы бір табыспен келген ақын Көкбай”, деп, соның жайын ілтипатпен баян етіп кетеді.

„Ақын аға” романында Көкбайдың Абай мектебінің басты ақыны, ұстаздының сүйікті шәкірті болып суреттелгендігі авторға үлкен айып болып тағылды.

Азуы алты қарыс сыншылар Көкбай түгелі, Абайдың бүкіл ақындық мектебін жоққа шығарғысы келгені жасырын емес. Әуезов қалай болған күнде де Абайда ақындық мектеп болды деген тұжырымдаманы аман сақтап қалуы үшін, „бастан құлақ садаға” дегендей аздаған құрбандықтарға барды. Романның жаңа нұсқасындағы құрбандық жазушының Көкбай туралы позициясын өзгертіп беруі еді.