Тіл мен сөйлесім.

Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.

Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.

Бұл жөнінде В.Гумбольдт: «необходима все повторяющаяся деятельность, чтобы можно было познать сущность живой речи и создать верную картину живого языка» / 90, 1956, 78/ — десе, И.А.Бодуэн де Куртенэ тілді: «как беспрерывно повторяющегося процесса, основывающаяся на общительном характере человека и его потребности воплощать свои мысли в ощущаемые продукты собственного организма и сообщать их существам его подобным» /68, 1963,77/.

Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция — Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. Ол тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.

Ғалым тілді ерекше құрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын,сөздердін айтылуын — бәрін түгелімен сөйлесімге/речь/ қатысты қарастырады.

Ф.де Соссюрдің пікірінше, тіл — дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас құралы; ал сөйлеу — дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл — барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім — дыбысталудың жиынтығы.

Тіл мен сөйлеуге тілші тағы да мынадай анықтама береді. «Язык — это система знаков и правил из комбинирования: речь же — это использование нашей знаковой системы в целях обшения» / 297, 1977,57/.

Ф.де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

Автордың айтуынша:

  1. Тіл әлеуметтік, ал сөйлесім — жеке-дара құбылыс.
  2. Тіл тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
  3. Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.
  4. Тіл адамның қарым-қатынасында және бәріне ортақ, ал сөйлеуге автордың өз қолтаңбасы болады.
  5. Тіл психикалық құбылыс, ал сөйлеу–психофизикалық құбылыс. Осы тәріздес бірнеше өзгешіліктерін ажырата келіп, Ф.де Соссюр сөйлеу де, тіл де өз алдына күрделі құбылыстар, сондықтан олардың екеуін лингвистикада екі ғылым: тіл лингвистикасы — тіл құбылысын; сөйлесім лингвистикасы — сөйлесім құбылысын зерттеу керек дейді.

Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар /тіл мен сөйлесім/ өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпологают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффектина; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык» / 297, 1977, 58/.

Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймады. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.

И.С.Торопцев: «Речь — это звуковая материализация языка. Как внешняя, так и внутренняя речь психофизиологачна» / 289, 1985, 38/ — деп, сөйлеудің тілмен байланысы оның дыбысталу ерекшелігінде десе, В.Я.Мыркин: «Речь социальна по значению и индивидуальна по исполнению» /222, 1970, 103/ — деп, сөйлеудің қызметіне, атқаратын қоғамдық жүгіне назар аударуға тырысады.

Ал, Т.П.Ломтев; «И язык, и речь имеют общественную, социальную природу. Но в акте общения социальная природа языка принимает форму иңдивидуальной речи. Язык в акте общения не существует иначе, ках в форме индивидуального говорения» /208, 1961, 68/ — деп, сөйлеу мен тілдің қоғамдық-әлеуметтік табиғатына көңіл бөледі. Ю.В.Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді.

Тіл — адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Дыбысты тіл- адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл — өте күрделі, сан-салалы құбылыс.

Егер тілді функционалық жағынан анықтағымыз келсе, оның қатынас құралы, адамдардың бір-бірімен пікір алысып, өзара сіңісуінің құралы дейміз.

Егер тілді ой мен санаға қатынасы жағынан анықтамақ болсақ онда Тілді ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы дейміз.

Тілді құрылымы жағынан анықтамақ болсақ Тіл — қатынас жасауға қажетті материалдардың жиынтығы деп қараймыз.

Тілді таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе деп анықтауда Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мәніне орай