- Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар.
- Әртүрлі тілдердігі сөздердің буын құрылысы.
Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады . Кез келген дыбыс буын құрай бермейді . Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар — әдетте дауыстылар.Дауыстылар жеке-дара күйінде де , дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес , сонымен бірге кейбір тілдерде , мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады . Мысалы, чех тілінде lkv (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен , әрқайсысы бір-бір буынды сөз третінде қаралады.
Сөздердің айтылуыдағы буын саны мен жазылудағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес . Кейбір сөздердің жазылудағы буын санынан айтылудағы буын саны көп болса (мысалы, литр сөзі айтылуда екі буынды сөз болып айтылады), керісінше , кейбір сөздердің айтылудағы буын санынан жазылудағы буын саны көп болады (мысалы, Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауыссыздың алдыңғысының түсірілуі нәтижесінде айтылуда бір буын кемиді).
Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді : ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
- Ашық буын . Бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып , дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-ла, ә-ке, а-та, қа-ра, да-ла, і-ні, мә-се-ле т.б.
- Тұйық буын . Дауыстыдан басталып , дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады. Мысалы: оң, оқ, ол, ақ, ас, ұл, өрт, ұрт, ант.
- Бітеу буын. Ортасы дауысты болып , екі жағы да дауыссыз дыбыспен тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: құс, құм, құр, күн, қан, қас, қар, қап, қос, қол, түн, түр, төр, тон, төрт, бұлт, қант, тарт, т.б.
Түркі тілдерінде , соның ішінде қазақ тілінде, үш дыбысты тұйық буын мен төрт дыбысты бітеу буынның соңындағы қатар келген екі дауыссыздың ең соңғы дыбысы қатаң , оның алдындағы дыбыс дыбыс үнді болып келуі шарт. Мысалы: ант, ұлт, өрт, бұлт, тарт т.б.