Жіктік жалғауы – жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық,шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады. Мысалы, Мен инженермін. Сен инженерсің. Бүгін сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің.
Сөздерге жіктік жалғау жалғауын сөздің жіктелуі дейміз. Қазақ тілінде сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі:
1-топ. Отыр,тұр,жатыр,жүр етістіктері мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып жекеше де, көпше де жіктеледі. Мысалы:
Жекеше түрі
Мен отырмын,тұрмын,жүрмін,жатырмын
Сен отырсың,тұрсың,жүрсің,жатырсың
Сіз отырсыз,тұрсыз,жүрсіз,жатырсыз
Ол отыр,тұр,жүр,жатыр.
Көпше түрі
Біз (біздер) отырмыз,тұрмыз,жүрміз,жатырмыз
Сендеротырсыңдар,тұрсыңдар,жүрсыңдер,жатырсыңдар
Сіздеротырсыздар,тұрсыздар,жүрсіздер,жатырсыздар
Оларотыр, тұр, жүр, жатыр.
2–топ. Сөздердің жіктелуіне –а,-е,-й және –ып,-іп,-п формалы көсемшелер жатады. Мысалы, жекеше түрде; мен барамын, сен барасың,сіз барасыз,ол барады, көпше түрде; біз барамыз, сендер барасыңдар, сіздер барасыздар, олар барады. Екінші топтағы жіктелуіндегі бір ғана ерекшелік бар: Ол 3 жақта –ды,-ді,-ты,-ті қосымшаларының болуы.
3-топтағы сөздердің жіктелуінің І,ІІ жақтарының жалғаулары тәуелдік жалғауының І,ІІ жағының жекеше түрімен ұқсас болып тұр. Мысалы, әкем, әкең, әкеңіз, айттым, айттың,
айттыңыз .
4-топтағы сөздерге етістіктің бұйрық рай формасы (бар,кел) жатады.Мысалы, мен барайын,сен бар,сіз барыңыз,ол барсын.
Біз барайық,сендер барыңдар, сіздер барыңыздар,олар барсын. Бұлар да жекеше де, көпше де формада жіктеледі.
Қосымшалардың орын тәртібі. Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді. Мысалы, үйші-леріміз, үй+шік-тер-іміз-ге. Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыратын, қарым-қатынасқа түсіретін қосымшалар болғандықтан, сөздің соңында келеді.Мысалы, біз әкемізбен ауыл ортасындағы үлкен жиындарға барып тұрамыз. Жалғаулардың бірнешеуі бір сөзге жалғанғанда ең алдымен, көптік жалғауы одан кейін тәуелдік жалғауы ең соңында жіктік жалғауы жалғанады.
Кейде тәуелдік жалғауы мен көптік жалғауы орын алмастыруы да мүмкін.Мысалы, апа-м-дар, апа-лар-ым.