Тыңдаушыларға қосымша жалғанғаннан кейін сөз мағынасының өзгеру мен түрленуі және сөздердің байланысуы туралы білім беру.
Сабақтың мазмұны: Туынды түбір сөздер қазақ, орыс тілдерінде кең қолданылады. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді: өнер-паз, өн-ім, бал-гер, сән-қой, сан-а, жас-ар, тау-лы,
же-м, оқу-шы, бала-лы, орын-дық, сыр-мақ т.б. Туынды түбір екі морфемадан құралады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің лексикалық мағынасы негіз сөздің мағынасынан жасалады, сондықтан негіз сөз бен туынды түбірдің лексикалық мағынасы байланысты болады. Мысалы,ас – асхана, әсем — әсемпаз, өнер — өнерлі, қол – қолда(у), жаз – жазғы, біл – гір, мәсі – мәсішең, бұр – бұрғы, күре – күрек, аш – ашқыш т.б.
Туынды түбірлер тілдің сөздік қорын байытадыкші морфема) – түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектері. Ал түбір мен қосымшадан құралып тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз. Мысалы, жұмыс (түбір сөз), жұмыс-шы (қосымша), жұмыс-шы-лар (қосымшалы сөз).
Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар: бірі – жұрнақ, екіншісі – жалғау.
Жұрнақ – түбір сөзге жалғанып, оған түрлі мағына беретін қосымша. Жұрнақ екі түрлі болады: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.
- Сөз тудырушы жұрнақтар сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, сөзге басқа лексикалық мағына береді, сөзді басқа сөз табына айналдырады. Мыс: Бұл мысалдағы мұнша (-ша), өркендеуі (-кен, -де) , қоғамдық (-дық), өзгертіп (-р, -т) деген сөздердің құрамында сөз тудырушы жұрнақтар қолданылған. Осындағы –ша жұрнағы – үстеу, -кен – зат есім, —де – етістік, -дық – сын есім, -р және –т жұранқтары етістік жасап, сөз мағынасын өзгертіп, жалғанған сөздерін басқа сөзтаптрына көшірген. Осындай сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, басқа бір лексикалық мағына беріп, басқа сөз жасайтын жұрнақтар – сөз түрлендіруші жұрнақтар деп аталады. Сөз тудырушы жұрнақ түбірге басқа қосымшаладран бұрын жалғанады, өзі де туынды түбір жасайды.
Орыс тілінде сөз тудырушы жұрнақтардан басқа сөз алдынан келетін префикстер бар: выход, переход т.б.
Қазақ тілінде сөз алдынан келетін байырғы жұрнақтар жоқ, тек аздаған кірме қосымшалар ғана бар: -на, -бей, -би: намарқұм, наразы, бейшара, бисаясат, беймәлім т.б.
- Сөз түрлендіруші жұрнақтаржаңа сөз жасамайды. Олар түрліграмматикалықкатегориялардыңмағынасын беріп, сол категориялардыңсөзтұлғасынжасайды. Мысалы, Қазақ арасында алғашқыжазбашежіреніекі топадамдар ғана таратты.Саба “ киелі” ыдыс саналған.Ішінде қымызы тұрса да, немесе бос болса да, оған аяқ тигізбеген. Осы мысалдардағы –ты жұрнағы өткен шақтың, -ған/-ген бұрынғы өткен шақтың -са шартты райдың жұрнақтары. Олардың бәрі сөзге грамматикалық мағына беріп, сол категориялардың формаларын, сөз тұлғаларын жасап тұр. Сондықтан олар сөз түрлендіруші жұрнақтарға жатады. Сөз түрлендіруші жұрнақтар сөздің соңына қарай орналасады, олардан соң жіктік жалғау ғана келеді.
Сөз түрлендіруші жұрнақтар орыс тілінде де бар олардан есімше, көсемше, инфинитиф, шақ жұрнақтарын атауға болады.