Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді.Сөз бен ұғым тығыз байланысты, бірақ сөз бен ұғым бір-бірімен тепе-тең емес, өйткені сөз – тілдік категория. Ал ұғым – ойлаудың формасы. Тілсіз ойлау мүмкін емес.Сондықтан да тіл мен ойлау тығыз байланысты.
Сөз атаулы, белгілі бір ұғымды білдіреді: жер,су, темір, шөп,қағаз, ет, сүт, май, көз, мұрын, аяқ т.б. Бұл сөздердің мағынасы сөйлем ішінде айқындалады. Сөз мағынасының қыр-сыры мол. Мысалы: Қара сөзінің бірнеше мағынасы бар:1. қара – белгілі бір түстің түрі; 2. мал ұғымын білдіреді; 3. алыстан көрінген бір зат; 4. қара – суық, қара жел деген тіркестерді қатты деген сөзбен мәндес болып келеді. 5. Қара таныған деген тіркесте хат таныған деген мәнде қолданылады, т.б. Сөздің бұл қасиеті көп мағыналық деп аталады.
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың, олардың әртүрлі белгілерінің, қимыл, іс-әрекеттерінің ұғымы тілде сөз арқылы беріледі. Яғни тіліміздегі сөздердің өзіне тән мағыналары болады. Сол арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, ұғысады. Сөздің бастапқы негізгі мағынасын тура мағынасы деп атайды.
Сөздің тура емес, басқаша, келтірінді, бейнелеу мәтінінде қолданылуын ауыспалы мағынасы деп атайды. Мыс:
- Аласы аз қара көзі нұр жайнайды (тура)
- Бұл іске кім виноват,
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы? … (ауыспалы)
Осындағы аласа сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынасында (аласы аз көз), екіншіден ауыспалы, келтірінді мағынада (бірікпеген, ынтымағы жоқ), қолданылған.
Мыс: 1. Кішкентай баланың тұсауын кескенде ала жіп пайдаланылады
- Біреудің ала жібін аттама
Мұнда екі түрлі мағынаны білдіретін сөз- ала жіп. Бірінші сөйлемде тура мағынада (жіптің ала екендігі), екінші сөйлемде ауыспалы мағынада (жамандық жасама) қолданылған.