Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единициалары ретінде қарлады олар мыналар:

  1. Фраза
  2. Такт
  3. Буын
  4. Дыбыс
  5. Фраза – ең ірі фонетикалық единица. Бір фраза екінші фразадан пауза арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін фразадан кейін пауза жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығады. Мысалы, қонағын сүймеген баласын ұрады деген сөйлемде екі фраза бар: 1- қонағын сүймеген, 2- баласын ұрады.

Мелодика. Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе бәсеңдеп барып қайта көтерілуі мелодика деп аталады.

Такт. Фраза тактларға ажыратылып бөлшектенеді. Такт- фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тіл-тілдегі атауыш сөздердің әрқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болып бөліне алады. Ал көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды. Сондықтан олар өз алдына бөлек такт та құрайда алмайды. Көмекші сөздер атауыш сөздердің неалдына, не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады.

Дыбыс құрылысы жағынан 3 түрге бөлінеді: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын

  • Ашық буын. Бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-ла, ә-ке, а-та, қа-ра, да-ла, і-ні, мә-се-ле т.б.
  • Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады. Мысалы: оң, ол, ақ, ал, ас, ұл, өрт, ұрт, ант.
  • Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы да дауыссыз дыбыспен тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: құс, құм, күн, құр, қан, қас, қар, қап, қос, қол, түн, түр, төр т.б.

Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі басқаларына қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте екпін түскен буын ие болады. Осыған орай, екпін түскен буын буын екпінді буын деп аталады. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі 3 түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.

  • Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
  • Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальді екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. тілдер.
  • Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылыажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.