Елімізде музыкалық оқу орындары көптеп саналады.Музыка мектептері, өнер мактептері, музыкалық колледждер,консерваториялар, музыкалық академиялар. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары институттар мен университетердің музыка маманын дайындайтын факультеттер, арнаулы орта білім беретін гуманитарлық колледждің “музыкалық білім” мамандығын дайындайтын бөлімдер. Әрбір оқу орнының өзінің хор ұжымдары бар, әрбір курстың курстық хорлры және жиынтық хорлары бар.
Көркемөнерпаздар үйірмелері барлық мекемелерде, кәсіпорындарда бар. Жалпыға білім беретін мектептердің барлығында өзінің хор ұжымдары бар. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне музыкалық қабілеттері бар, ән салуға біршама дағдыланған, есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері жақсы дамыған өнерпазддар қабылданады.Хор көпшіл ұжымды өнер. Хор ұжымында ән айту өнерпаздың жан-жақты дамуына эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Жақсымен жаманды ажыратуды үйренеді. Қазақстан композиторларының шығармаларымен танысады, орыс және шетел композиторларының озық шығармаларымен танысады.
Вокалдық ансамбльдер бірлесіп ән айтатын, дауыстары, дауыс бояулары жақсы, музыкалық қабілеттері жақсы дамыған 12-16 әншілерден тұратын топ.Вокалдық ансамбльдер әндерді сүйемелдеумен де, сүйемелдеусіз де орындайды. Вокалдық ансамбльдердің репертуары өте бай болады. Вокалдық ансамбль біртектес және аралас болады.Біртектес болғанда ер балалар дауыстарынан немесе қыз балалар дауыстарынан тұрады. 16- әншіден тұратын вокалды топта.
4 әнші сопрано дауысын құрайды.
4 әнші альт дауысын құрайды.
4 әнші тенор дауысын құрайды.
4 әнші бас дауысын құрайды.
Біртектес вокалды топ болғанда.
4 дауыс сопрано 1-ге беріледі.
4 дауыс сопрано 2-ге беріледі.
4 дауыс альт 1-ге беріледі.
4 дауыс альт 2-ге беріледі.