Опера дегеніміз-сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалық драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады. Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай-ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады. Операға қатысты терминдерге тоқталып өтсек.
Либретто-опера балет және ораторияның әдеби поэтикалық мәтіні.
Лейтмотив-музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.
Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.
Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
Ариоза – арияның шағын түрі.
19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында, аңыз ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С.И.Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К.А.Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанині» т.б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А.Н.Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М.И.Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыкалық мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыкалық бейнелей құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А.С.Даргомыжеский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыкалық образдар ( «Тас мейман» т.б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, кәсіби музыкалық білім беру қлға алынды. Бұл салада А.Г.Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Мәскеу (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революциялық-демократиялық идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты.
Михайл Иванович Глинка (1804-1857).
Глинка – орыс халық классикалық музыкасының негізін қалаушы ұлы орыс композиторы. Оның «Иван Сусанин» және «Руслан и Людмила» опералары арқылы тарихи эпос пен салт-дәстүрді бейнелейді. Мұнда басты кейіпкер ретінде халықтарды бейнелей отырып, мұнда біріккен сахналық хорды Глинка өзінің операсында байқатты.
«Иван Сусанин» операсындағы интрадукция хоры естіледі. Оның бір бөлімінде орыс әскерлерін крестян хорымен өздерінің селосына қарсы алады. Халық әндерінің стилімен «Менің отаным» хорын жазды. Басты тақырып кең көлемде шығалы, ал оны ұстап тұрушы ерлер хоры. «Хороша у нас река» бұл хорда тенор мен альт унисонда айтылады. «Разгулялися разливалися»-операның үшінші көріністің хоры. Өлешімі 5/4.
Операдағы басты идея орыс халқының ерлігі мен патриоттығын бейнелейді. «Руслан и Людмила» операсының бірінші және бесінші қимылдары ескі Рустың музыкалы мінездемесі жарқын берілген. Интрадукциясы Киевтік княз Светозардың бақшасында үйлену тойдың әдет-ғұрыптарын суреттейді. «Ах ты свет Людмила» аралас хоры өте қайғылы, Людмилының қоштасуы және мәңгілік ұйқыға кеткендігі туралы. Хор әртүрлі ладта жазылған. (ре-moll – фа dur –ре moll) . Куплетті варияциялық формада жазылған.
Екінші хоры «Не проснется птичка утром» бұл хор басқаларға қарағанда мелодиясы өте толқынды және өте жұмсақ.
Даргомыжский Александр Сергеевич 1813 жылы 14 ақпанда Тульск губерниясында дүниеге келген.
1834 жылы Даргомыжеский Глинкамен кездесіп, өзінің бірінші операсын жазды. Көптеген ізденістерден кейін композитор В.Гюгоның “Собор Парижской богоматери” атты романының сюжетін таңдайды. Композиторға романдағы романтикалық сюжет, адамның күшті мінез-құлық көріністері, драматизмнің күштілігі ұнайды. “Эсмеральда” атты операны созылып, 1841 жылы аяқтайды. Осы кезде композитор Пушкиннің “Торжество Вакха” атты өлеңіне кантата жазады, кейіннен бұл кантата операға беріледі.
Уақыт өте келе Даргомыжеский өзіндік ерекшелігі бар композитор ретінде кеңінен таныла бастады. 1840 жылдардың басында Петербургте аспаптық және вокалдық әуенге қызығушылар орталығы пайда болды. Бұл орталықтың басшысы, оркестр мен хор жетекшісі болып Даргомыжеский тағайындалады.
Даргомыжеский ұлттық орыс операсын жазуды армандайды. Сөйтіп Пушкиннің “Русалка” атты князға алданған қарапайым шаруа қызының қайғылы өмірін суреттейтін әлеуметтік драмасын таңдайды. Композитор бұл операны әдебиеттегі ұлттық поэзияның ауызша үлгілері мен салт-дәстүр, әдет ғұрыптарды пайдалана отырып жазады.
1840 жылдардың соңында Даргомыжеский шығармашылығы үлкен жетістікке қол жеткізеді. Оның ең алғашқы “Эсмеральда” атты операсы Мәсукедің опералық театрында қойылуға алынады. 1874 жылы желтоқсанда бұл операның премьерасы сәтті өтеді. Бұл жетістік композиторда қуаныш сезімдерін ұялатып, “Эсмеральда” операсын петергтік театрларда қоюға шешім қабылдайды.
Даргомыжеский “Русалканы” және музыкалық туындыларды жазуды тоқтатып, өз уақытын әншілерді дайындауға жұмсайды. Даргомыжескийде Глинка сияқты ұлттық вокалдық мектепті дамытуға ат салысады.
1853 жылы сәуірден бастап композитор “Русалкамен” жұмыс жасауды қайтадан қолға алады. Осы жылы Одоевскиймен және басқада достарының көмегімен Даргомыжескийдің шығармаларынан құрылған концерт өткізілді. Онда Петербургтің атақты әншілері мен Полина Виардо қатысады.
“Русалканың” премьерасы 1856 жылы 16 мамырда Петербург театрының сахнасында қойылды. Бұл спектакльге ең үздік әртістер қатысты. Бірақ бұл опера ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеді. Сол кездегі аристократтық басылымдар ең негізгі деп императорлық театрларға барушыларды танып, отандық композиторладың операларына назар аударатын.Бірақ бұл операны Глинка өте жоғары бағалаған.
“Русалка”, сонымен қатар “Иван Сусанин”, “Руслан и Людмила” классикалық үлгідегі опералар болып, орыстың ұлтттық опера мектебін жоғары дәрежеге көтерген.
Шетеде жүрген кезінде композитордың қарындасы Софья достарымен бірлесіп император театырында “Рускалканы” қоюға келіседі.
“Русалканы” сахнада қою 1865 жылдың ең соңғы айларына жоспараланды. Осы спектакль арқылы 1867жылы А.Г.Рубинштейн Даргомыжескийді орыс музика қоғамына шақырады. Ол кейінен осы қоғамның жетекшісі болып тағайындалады. Балакиревтің шақыруымен симфониялық концерттерде дирижерлық етеді.
Композитордың шығармашылыққа қызығуы арқасында ол өзінің “Каменный гость” атты операсын жазды Бұл опера Пушкиннің “шағын трагедиясының” негізінде жазылған. Бірақ бұл операны даргомыжеский аяқтай алмай, оның жас достары Кюи мен Римський-Корсаков аяқтайды. Бұл операның прьемерасы 1872 жылы қойылады.