Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді. Хор-вокалды ұйым.
Хор дегеніміз — әр түрлі дауыста ән салатын, шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар коллектив.
Оларды творчестволық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады. Академиялық хорлар немесе капеллалар және халық хорлары.
Хорлардың бір-бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктеріне, ән айту үлгісі мен репертуар характеріне байланысты. Халық хоры халықтық стильге бейім, яғни шығарманы халықтық үлгіде орындайды. Олардың ішінде орындау дәрежесі жағынан академиялық және халық хорларының белгілері қатар болатын коллективтер де кездеседі. Ал, академиялық хор-көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттыққан коллектив.
- 1476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті. Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.
- XIX және XX ғасырда Европадағы барлық өнер түрлері «импрессионалдық» деген жаңа көркем бағытпен ерекшеленеді.
Бұл француздың impression -әсер деген мағынаны білдіреді. Композиторлар осы бағытты негізге ала отырып өз шығармаларында музыка тілі, музыка әдістері арқылы көңіл күйінің өзгерісін, әсердің тез өзгеруін көрсете білді.
Импрессионистер қатал романтикалық және классикалық гармониядан тыс еркін жазуға ауысты. Олар аспапқа топтауды өзіндік калоритпен толықтырды. Гармония енгізуді музыкалық тілге қиындатылған гармониялық ұштастыру енгізді:
Нонааккордтар, алты және жеті дыбысты аккордтар, бір тонды гармония, нағыз және пентатонды дыбыс қатарын енгізу. Осы бағыттың белгілі өнімдері француз композиторлары Клод Дебюсси Және Морис Равель.
Клод Дебюсси (1862-1918) ертеректегі шығармалары «Гладиатор» және «Адасқан ұл»кантаталары және хор мен оркестрге (сөзсіз) арнап жазылған «Көктем» сюитасы. Бұл Итальян суретшісі Боттичеллидің суреті бойынша жазылған әйелдер хорына, жеке әншіге операға арналған «Байланған бойжеткен» кантатасы. Бұл шығарма күрделілігімен, ерекше гармониямен, калориттік тәсілдердің көптігімен, музыкадағы жаңашылдықпен, ешкімге ұқсамайтын ізденіспен дараланады.
Дебюссидің кіші замандасы, және ісін жалғастырушы, жолын қуушы Морис Равель (1875-1937) шығармашылығының ерте кезеңінде ол “Мирра”, “Альцион”, “Алисса” кантаталарын жазған. Олар авторға ешқандай табыс әкелген жоқ. Оның вокалды және хор музыкасына деген қызығушылығы тоқтаған жоқ. Ар алас хорға арап композитор Равель “Николетто”, “Үш пейішті құстар”, “Рондо”, (көзсіз) және “Даврнис және Хиоя” деген балетін жазды. “Сәби және сиқырлық” операсында (Г. Коллеттің поэмасының лирикалық фантазиясы). Композитор хорға үлкен және маңызды роль тапсырады. Бұзық ерке баланы қоршаған барлық нәрсе ойыншықтар, жан-жануарлар жанданған олар ән айтып, би-билеп, сөйлеседі. Олардың барлықтарының еңдектері зая кетпейді. Бұзық бала ойыншықтарын сындыруын қояды, жан-жануарларды әурелеуін тоқтатады, анасына жақсы сөйлейді. Ойыншықтар мен жан-жануарлар баланы үйге алып кіреді. Олар баланың жақсы болғанын, ақылды және кішіпейіл болғанын әнге қосады. Баланы қоршаған нәзік музыка жылулық пен ізгілікті аса бір таңғаларлық, жан тебірентерлік сезіммен бейнелейді. Осымен опера аяқталады. Операның полоифониялық құрылымы шығарманы ауырлата алмайды, шығарма жеңіл орындалады. Ар алас өлшем (4/4, ¾, 2,4) шығармаға ырғақтық әртүрлілік енгізеді. Дебюссий мен Равельдің шығармашылығы бүкіл европаның музыкалық өмірін селк еткізеді. Бұлар композиторларды біршама еркіндікке талпынуға үйретті. Бұндай бетбұрыс басқа да көркемдік бағыттардың тууына әкеліп соқты.