Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. «Хор әдебиеті» курсы студенттердің қабілетін жан-жақты және жүйелі дамытуға бағытталған курс. Ол теориялық білімдер қажеті мен жалпы музыкалық зердені игеруден бастап, хор шығармаларын жазған композиторлардың идеялық-эстетикалық сенім қазығын, оның музыкалық ойлау әдісін және ой ағымдарын шығармашылықты, көркемдеп қорыта білуге көмектеседі.
Хор әдебиеті жоғары оқу орындарында институттар мен университеттерде өтілетін хорды дирижерлау пән бірлестіктерінің негізгісі болып табылады.
Бұл пән арқылы студент хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтіп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.
Хор әдебиеті пәні үш бөлімнен тұрады.
- Шетел хор әдебиеті.
- Қазақ хор әдебиеті.
- Орыс хор әдебиеті.
- Хор әдебиеті пәні алдына мынадай мақсаттар қояды.
— Жоғары білімді, эстетикалық талғамы жоғары, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана білетін, жан-жақты музыкалық орындаушылық және музыкалық теориялық әзірлігі бар, музыка мұғалімін даярлау.
— Өз халқының музыкасына деген сүйіспеншілігі арқылы басқа да халықтар музыкасын құрметпен қарайтын патроиоттық сезімі биік, интернационалдық достық сезімі дамытылған, дүние жүзі халықтарының хор әдебиетімен әртүрлі жанрлармен, стильдерімен таныс маман даяарлап шығару.
— Қазақ және шетел композиторларының хор шығармаларын жете білетін, студент кезінде алған білімін тәжірибе жүзінде көрсете алатын, хор шығармаларымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жете меңгерген маман иесін тәрбиелеп шығару.
Профессионалдық жалпыға бірдей білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының қайта құру жүйесіне сәйкес, хор әдебиеті пәнін оқыту мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.
— Студенттердің қазақ, орыс және шетел композиторларымен таныстыру.
— Болашақ музыка мамандарына халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру.
— Музыка мамандарының музыкалық сауатын жетілдіріп, тиянақтау мақсатында қазақ, орыс және шетел композиторларының классикалық шығармаларымен қатар мектеп бағдарламасынан да шығармалар енгізу.
— Халық әндерінің, хорға арналған шығармалардың пайда болып дамуы туралы тарихи деректер беру. Хор шығармаларының мазмұны, тақырыптары, құрылымы, музыкалық тілінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.
— Студенттердің “Хор әдебиеті” пәндерінде алған білімдерін жетілдіре түсуге және мектепте пайдалана білуге үйрету.
— Хор шығармасын талдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Шығарманың көркем-идеялық мазмұныны көрсете білуді, шығарманың жазу стильін, құрылымын айқындап алуды, вокалды хор ерекшеліктерін ажырата білуді үйрету.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру тәрбие жұмысын оқу ісімен үлгілі ұштастырған да ғана мүмкін.