Қол өнер жұмыстары
Металдан өңдеп әсемдеп бұйым жасауда қазақ шеберлерінің қолданған техникалық әдістері алуан түрлі қайсы бір затты көркемдеуге зергерлердің бірнеше әдістерді қолданатындығы жиі кездеседі.Ұқыптылықпен әр түрлі әсемделіп жасалған жүген, өмілдірік, айыл,құйықан ер бөлшектері сияқты ат әбзелдері істелуі жағынан ерекше.Бұл заттарды декоративтік жағынан өңдеу тәсілдерінен, темірге күміс қақтау,оюлау, қара жүргізу, заттың жиегін айнала өрнектеу,сіркелеу сияқтылар кездеседі.
Темірге күмістен қақтаудың тағы басқа әдістері белгілі. Мысалы,жұқалап жайылған күмісті қызған темір плитаның үстіне қойып,аздап қыздырады да күміс балғамен таптап бекітеді.
Қазақстанда ер-тұрмандар мен әйелдердің әсемдік үшін тағатын майда күміс бұйымдардың бедерлеу әдісі бұрыннан белгілі.Мұндай бұйымдарға бедер салу нұсқасы темірден жасалады.Олар шебердің ой өрісі мен шеберлігіне қарай алуан түрлі болып келеді.
Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан, негізінен алғанда күміс пен мыс,темірден жасаған. Октябрь революциясына дейін күміс немесе күмістелген темірден жасалған әсемдік заттарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған, оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған. Күмістен ер-тұрманның кейбір бөліктері,қыз-келіншектердің татар бұйымдары жасалып,ерлердің деңмент белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ,сандық,киім ілгіштер,кесе қап, қымыз саба сияқты неше түрлі бұйымдарды әшекейлейтін болған.
Теміршілер мен зергерлер өздері жасайтын бұйымдарды әдетте,елдің алдын Ала өтініш етуімен ғана қолға алатын болар. Ер-әбзелдерін әсемдетіп жасатушылар еңбек ақысына затай мүйізді қара мал. Немесе жылқы есебінде төлеген. Әйелдердің майда татар бұйымдары үшін май, нан тағы басқа азық-түлік есебінен есептесіп отырған. Кейде шеберлерге киім кигізіп те отырған.Егер ойындағысындай жасалып, көңілінен шықса шеберлерді қадірлі қонақ етіп,сый-құрмет көрсеткен.
Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері атадан балаға мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған. Ұсташылықпен ер кісілер айналасу шарт болса,зергерлік өнермен әйелдер де көбінесе зергердің әйелдері айналысатын болған. Егер зергер кісі дүниеден қайтып, оның жолын қуар балалары болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелі атқаратын болған. Зергерлер негізінде бұйым жасатушының өз материалын жасайтын болған.
Ертедегі халық шеберлерінің жұмыс істеуге тиісті қолайлы жағдайлары болмаған. Көбінесе жұмысты зергерлер өзінің семьясының алдында киіз үйдің бір шетінде отырып істеген. Шеберлер өзінің жасайтын бұйымдарын негізгі шаруашылығы егіншілік пен мал. Шаруашылығымен байланыста жасады.Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алды. Көбінесе шеберлер тиісті құрал жабдықтарын өзімен бірге алып,жұмыс жасатушылардың үйіне барып,қашан істеп біткенше сол жерде отырып атқарған.
Оюлау- бедер салынаты заттың үстіңгі беті не кескіш аспаптың өткір жағымен қашау артқылы жүргізіледі. қазақ арасында ер-түрман жабдықтары салтатқа мініп жүру үшін жасалған сондықтан мінетін көлікті ер-тұрман жабтықтарымен түгелдей қамтамасыз етюді жабдықтау деп. атайды ер-тұрман жабдықтарын жасау кезкелгенадамның қолынан келе бермеген хаоық ішінен шыққан шеберлердің қолынан ғана жасатушының ұлына немнесе қызына арналып жасалған ер-тұрман жабдықтарын жасау меноны күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары қазақ қауымының әлеуметтік экономикалық қарым-қатнас мәселелерімен тығыз байланысты ер-тұрман жабдықтары киіз үйдің жасау жиһаздары сияқты жақсы ойластырылып ойдағыдай әшекейленген өрнек нақыштары жарасымды да әсем көрікті жасалуы тиіс ол үшін біріншіден көліктің қыр арқасын әсіресе шоқтығын баспайтындай ер оқпаның биіктеу көтеріңкілеу болып жасалуы екіншіден ердің екі каптал арасының алшақтығы мен қапталдың дұрыс қиысуы қажет
қолөнер саласындағы басқа да өнер туындылары сияқты ер-тұрман жасау өнерінің үлкен шеберлікпен материалдық мүлікті қажет ететіндігін байқаймыз қазақтың ер-тұрман жайлы піків айтқан бірқатар авторлар мен қазақстан этнографтарының соңғы жылдары жазғандары бұған дәлел бола алады олардың ішінде тарих ғылымының докторы х. Арғынбаев қазақ ер-тұрман жабдықтары атты мақаласының маңызы ерекше мақала мазмұны этнографиялық жағынан экспедиция кезіндегі автордың өзі ара лап өзі жинаған материалдары негізінде нақтылы мысалдар мен кейбір фактілерді ұштастыра жазылған ер қосу өнері жайлы әңгімелегенімізде х.арғынбаев жолдастың осы аталған мақаласының біздің зерттеуімізге зор пайдасы тиді Ұсталар мен зергерлер әр түрлі құрал-саймандарды пайдаланған.Олардың ішінде көрік көмейдегі Отто үрлейтін түйенің мойнағынан немесе ешкінің терісінен иленіп, ыңғайлап тігілген зат, қышқаш қызған темірді Оттон алып,отқа салып немесе отқа тосып,қысып ұстайтын,ұзын сапты,имек басты,құс тұмсықты қол күйдірмеу үшін шебердің пайдаланатын аспабы. Төс ұстаның темірден немесе түсті металдан жасайтын бұйымын белгілі формаға келтіру үшін оның үстіне қойып бір жақ ұшы сүйірленіп жіңішкеріп келген, астыңғы жағы дөңбек ағашқа қозғалмастай етіп орнатылған,көрік алдына жақын орналастырылатын аспаптың бір түрі.Әдетте, теміршілердің пайдаланатын төсі бір оренда қозғалмастай орнатылып үлкен де аур орнықты болады да,зергерлер пайдаланатын төс формасы жағынан ұқсас болғанмен алып жүруге жеңіл,қалаған жерге қойып істеуге ыңғайлы шағын келеді.
Мұны халық шеберлері зергер төс деп. те, күміс төс деп. те атайды.Зергерлер пайдаланатын балғалар да өздерінің қолдану мақсатына қарай көлем жағынан әр түрлі болып келеді. Сым тартқыш- зергерлердің күмістен сым тартатын қалыбы. Іскенже ұсталар мен зергерлердің жұмыс кезінде бір нәрсені ұқсатуда қыстырып қойып,егеу немесе кесу процестерін ұстатып бұрап қоятын аспап.Мұны кейбір жерлерде қасқыр ауыз деп те атайды. Торғай ауыз- ұстаның қызған немесе отқа салып қыздырған темірді ұстауына пайдаланатын тар ауыз қышқаш қадаубас,тескір, темір, кемпірауыз, кейбір жерлерде атауыз деп те атайды.Кескіш темірді түсті металды тиісті формаға келтіру үшін пайдаланатын құрал,жыланкөз-әсемдік үшін жасалған заттардың беті не мәнер салу үшін қолданылатын аспап. Зауыт алтын,күміс тағы басқа түсті металды қорытатын ыдыс, жоғары біз кейде шимай біз де деп атады.Безендіру үшін тұтынылатын құрал.
Темпера- Темпера деп құрамында байланыстырғыш ретінде әр түрлі эмульсия араластырған бояуларды атайды. Құрамы бойынша майлы бояу мен желім араласқан бояулар аралығында болып келеді.
Темпераны сумен араластырып, қағазға, картонға және кенепке салуға болады. Темпераны майлы бояу пайда болғанағ дейін кеңінен қолданды. Бірақ та майлы бояудың кейбір кемістіктері болғаннан кейін 19 ғасырдың соңында темпераны қайта қолдана бастады. Темперамен жұмыс ерекше жүйені қажет етпейді, яғни түстердің жағылу реті жұмыс сапасына әсер етпейді, сондықтан да сурет салушы еркіндікте жұмыс жасайды.
Темпера ьүстері майлы бояуға қарағанда біршама қосымша түстерді шығара алады.
Бөлме ішінде қабырға сурет (роспись) салуда темпера қабырға жазықтығымен өте сәйкес келеді. Сондықтан да темперамен орындалған шығарма майлы бояуға қарағанда тамаша көрінеді.
Жанды бейнеде темперамен жұмыс істеуге қағащ, картон, тығыз тоқылған мата жарайды.
Темперамен сурет салу кезінде басқа бояуларм жұмыс істеген сияқты алдымен ақшыл түстермен этюдті жауып шығып, содан соң біртіндеп пішінде шығарады. Егер де бірден қою түстермен бояп, кейбір жерінде қате кететін болса оны түзету қиын. Өйткені темпера бояулары тез кебеді және қайтадан суға ерімейді.
Жұмыстың түріне қарай темперамен салынған картинаны лакпен жабындауға ьолады. Бұл әдіс бояулардың ұзақ сақталуына көметеседі.
Майлы бояумен жұмыс істуге арналған жалпақ және дөңгелек, жұмсақ және қатты қылқаламдар темпераға да жарамды. Бірақ та оның талшықтарын ұзартқан тиімді.
Майлы бояумен, акварельмен жұмыс істеген және жанды бейненің негізгі принципьерін меңгерген адамға темпера техникасы оңайға тиеді.