Педагогика ғылымдарының негізін салушы И.Песталоций, Ж.Руссо. 19 ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 ж.ж.) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суретсалу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Дұрыс ойлану үшін қошаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден бір тәсілі – сурет салу деді.
Песталцци сурет салуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан, суретсалу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидтің еңбектері аса жоғары танымал болды.
И.Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:
- Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы;
- Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;
- Елестетуді дамытуға арналған жаттығу;
- Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы;
- Перспективада бейнелеуге жаттығу.
19ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол кезде олар жасаған әдістеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланады. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам бсын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.
Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.
11 ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың сурет салу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде 18 ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.
Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.
Осы оқу орындарының бәрі кәсіби-суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілерінде қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.
1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлесқосқан Сурет Академиясының суретші-педагогтары А.П.лосенко және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.
19 ғасырдың басында орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А.Кипренский.
18 ғасырдың бірінші жартысы мен 19 ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейлегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналады.
1834 жылы А.П.Сапожниковтың «Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П.Сапожников әдістемсінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды.
1804жылы училище, гимназияларға орта мектептерде сурет пән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курсашылып, ресей мектебін бейнелеуөнері маманы бойынша мұғалімдерменқамтамасыз етіп отырды.
Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелу 1970 жылдардың аяғы, 1980жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я.Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық езімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравстенного развития младших школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілген автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адагершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды. 20 ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г.В.Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.
Педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие прпоцесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалыққ іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.
Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымның жаңа жеістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.
Чех педагогы Ян Амос Коменский,ағылшын педагогы философы Джон Локк»Тәрбие туралы ойлар»кітабы Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1670 ж.ж.) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ –энциклопедистті Жан Жак Руссо (1712-1778 ж..ж.) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығында тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап суретсалу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғатаясында өткізу керек, өйткені, оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысынемесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйден үйден, теректі теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.
Әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.
Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.
Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады.
Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композицтя – көркем құрал. Ол комподзиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарынөз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілегенсоң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырды.
Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.
Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.
Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орьалықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.