Кез келген химиялық өндірістің қажетті компененттеріне шикі зат энергия және су жатады,Шикізат деп өнеркәсіпте өндіріс құралдарын немесе тұтыну бұйымдарын алу үшін қолданылатын заттарды қосылыстарды айтады, Мысалы,ізбес, пирит, т,бШикізатқа өнеркәсіпте өндеуде өткеннен табиғи материалдар жатады.
Бастапқы материалдар деп нақты бір өндіріске шикізат болып табылатын қосылыстарды материалдарды айтады.Шикізат пен материалдар арасында айырмашылық бар. Бастапқы материал табиғи шикізат аралық өнім қосымша өнім немесе екіншілік шикізат болуы мүмкін.
Жартылай фабрикат -табиғи шикізатты алдын ала өнеркәсіпте қайта өндеу арқылы алынған материал.
Аралық өнім деп шикізаттан немесе жартылай фабрикаттан алынған және берілген өндіріс орнында басқа өнім алуға бастапқы материал болып табылатын, жеке заттарды, материалдарды айтады.
Қосымша өнім деп жанама химиялық реакциялар салдарынан өндірісте негізгі өнім мен бірге бөлінетін заттар мен қоспаларды айтады.
Қалдықтар дегеніміз техниканың нақты даму кезінде практикалық пайдалануға мүмкіндігі жоқ өндірістің қалдық өнімдері.
Екіншілік шикізаттарға қызмет уақыты біткен материалдар және материалдарды өндегенде қалдық ретінде бөлінетін бірақ соңғы өнімге қайта өңдеу экономикалық тиімді болатын өнімдер жатады.
Дайын соңғы өнім өндіріс орындарының халық шаруашылығының әр түрлі салаларына практикалық қолану үшін өндіретін заттарын немесе маттериалдарын айтады.
Мұндай бөлу тек шартты түрде ғана мыс, күкірт қышқылы бір жағынан оны өндіретін өндіріс орындарының дайын соңғы өнімі болса, екінші жағыннан аккумуляторлар үшін тұтыну бұйымы және түсті металл , минералды тыңайтқыштар, бояу, дәрілік заттар т.б.
өндірістерде бастапқы материал болып табылады.
Химиялық өндірістер шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі
а) құрамы бойынша жіктеледі.
1.Минералдық шикізаттар.
2.Органикалық шикізаттар.
Б)Агрегаттық күйіне байланысты шикізаттар былай жіктеледі.
1.Қатты ( рудалар,тау жыныстары, қатты отын.)
2.Сұйық (мұнай,т.б.)
3.Газ тәрізді.(табиғи, серік газдар, ауа.)