Жұқпалы ауруларды жұқтыратын өте майда организмдер – микробтар, оларды тек арнаулы үлкейткіш аспап – микроскоп арқылы ғана көруге болады. Адам баласы микробтардың бар екенін білмей, профилактикалық шаралар жүргізбеген ерте кезде жұқпалы аурулар адамдарға талақтай жабысып, оларды өлім-жетімге ұшыратып, талай қалалар мен селолар қаңырап, иесіз бос қалатын.
Микробтардың басым көпшілігі бізді қоршап тұрған сыртқы ортада: ауада, топырақта, тамақта, ойыншықтардың, ыдыс-аяқтардың іші-сыртында болады. Микробтар баланың организміне танау, ауыз, тері жарақаттары арқылы түседі. Әртүрлі жұқпалы аурулармен ауырған балаларда және ересек адамдарда таратқыш болуы мүмкін.
Тұмау — өте күрделі, жұқпалы ауру. Ол ауру сырқат адамнан сау адамға аурудың алғашқы екінші – үшінші сау адамға аурудың алғашқы екінші-үшінші күндері ауа арқылы беріледі. Егер де отбасында бір адам ауырса, онда осы отбасындағы адамдардың барлығы, әсіресе балалар ауруы мүмкін.
Тұмаудың өзі қатты қауіпті емес, ең қиыны ол бұл аурудың асқынуы. Әр -бір күз бен қыс мезгілдерінде міндетті түрде бірнеше рет шығады.
Ауруға балалар, әсіресе сәбилер мен мектеп жасындағы оқушылар жиі шалдығады, себебі балалар ағзасы күрделі тыныс инфекциясын тез қабылдағыш келеді. Сөйлегенде түкірік, жөтел кезінде ауру адамның сілекейінде ауру тудыратын микроптарда болады, міне сонда тұмау вирустары бар.
Аз уақыт аралығында ауру адамның айналасында огрозольді бөліктерді бай максималды консентрлік қауіпті аймақ пайда болады. Тұмау мен өткір респиратарлы өткір аурулар жүрек қантамыр жүйесін бұзып адам өмірі бірнеше жылға қысқартылады. Тұмаудың күрделі емделу кезінде көбіне жүрек – қантамыр, орталық жүйке жүйесі, тыныс мүшелері зақымдалып жиі жүрек, қантамыр, өкпе қабынуы трахеобронхиттер, менинго энцефалит аурулары туындайды. Тұмау көбіне күрделі интоксикацияның белгілерімен өтеді, ал оның негізгі белгілері ол: қалшылдап дірілдеу, күрт ыстықтың көтерілуі, бастың ауруы, тамақтың ауруы, күркілдеп жөтелу, аяқ-қол, дененің сырқырауы, кішкентай балалардың жүрегі айнып құсуы да мүмкін.
Халықтық медецина тұмауға қарсы келесі тәсілдерді ұсынады.
- Ауырып жатқан адамның бас жағына аршылған сарымсақ қою; тұмау індеті кезінде аршылған сарымсақ түйірін қалтаға салып жүру.
- тұмаудың алғашқысы байқала бастағаннан – ақ аршылып, тазаланған сарымсақ түйірлерін мақтаның ішіне салып езгілеп, майдалап, мақтаға шырынын шығарып, мақта бөліктерін мұрын саңылауларына салып қояды, бірақ та олар мұрынмен тыныс алуға кедергі болмауы керек; мақтаға аздап күнбағыс немесе зығыр майын тамызуға болады.
- Тазаланған сарымсақтың 2-3 түйірін ұсақтап 1:1 етіп балмен араластырып жылы сумен ұйықтар алдында 1-ас қасықтан қабылдайды.
- Тұмау індеті кезінде күніне сарымсақтың 2-3 түйірін жеп тұру керек.
- Кепкен 1-ас қасық календула гүлінің үстіне 1-стакан қайнап тұрған ыстық су құйып, жәй отқа қойып 10-минут қайнатады, сонан соң 1-сағат қойып тұндырады да күніне 2 –рет тамақа дейін 1-2 ас қасық пен қабылдап отырады.
- Тұмаумен ауыратын адамға күніне 3-4 рет эвкалипт тунбасын қайнаған суға стаканның 4/1 бөлігін 15-20 тамшыдан қосып беріп отырады.
- Мұндай жағдайда итмұрын тунбасын ішуге де өте пайдалы.
- Тұмауды емдеген кезде міндетті түрде;
- ыстығы жоғары болса кем дегенде бір апта үйде, төсекте жатып ем алу керек.
- жеңіл диетаны ұстану керек; шырындар, тауық етінен сорпа, тауық еті, жемістер;
- аяқты грелкамен жылыту немесе жылы шұлық киіп жүру;
Туберкулез қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Дүние жүзіндегідей, Қазақстан аймағында да бұл инфекциялық ауру. Бұл ауруға шалдыққан кезде адам ағзасына туберкулез таяқшасы енеді де, ол бронх-өкпе жүйесін және басқа да мүшелерді зақымдап, сонда көбейе бастайды.
Ауруды таратушы туберкулездің анық формасымен ауыратын адам, қақырынумен бірге туберкулез таяқшасын шығарады. Ауру ұзақ, үздіксіз емді қажет етеді, бұл аурудың емі кейде ұзақ, тіпті көптеген айларға созылуы мүмкін.
Туберкулезге жиі, көбінесе, мектеп жасындағы балалар шалдығады, себебі олардың ағзалары әлсіз, әлі толық қалыптасып бітпеген. Оның үстіне қазіргі мектепте сабақтың көптігі мектеп бөлмелерінде санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталмауы, тамақтану мен теріс әсерін тигізуде. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары өз денсаулықтары күтпей, жиі темекі тарту мен спирттік ішімдік ішумен айналысады.
Туберкулез ауруының әлеуметтік шығу табиғатына қарамастан, жоғарыда айтылған факторлар көбіне балалар мен жасөспірімдер келешекте аурудың өсуіне себеп бола алады.
Педагогтардың, оқушылар мен олардың ата-аналарының туберкулездің алдын-алу жайлы уақтымен ақпаратты хабары болмағандықтан бұл ауру ересек адамдар арасында өсіп шарықтауда. Балалардың көпшілігі көптеген жылдар бойы өз мұғалімдерін белсенді түрде тыңдайды. Мұғалімдер оқушының өзіндік тұлғалық қасиетін қалыптастыра отырып, сонымен қатар олардың психикалық және тәндік денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз үлестерін қосуға толық мүмкіндіктер бар.
- Балаларды туберкулезге шалдығудан аман алып қалу қалу үшін оларға төмендегі ұсыныстардыберу керек.
- Мектеп оқушысының рационында 80 гег, 400г. көкөніс пен жеміс-жидек, 200 мл сүт өнімі, күніне бірнеше рет макарон, нан өнімдері болуы керек, енергия көзі ретінде май мен көмірсу, тәулігіне 5г. иодталған тұз қабылдау керек.
- Ұйқы, демалыс, тамақтану тәртібімен физикалық белсенділікті сақтау керек.
- Тәулігіне үш-төрт рет тамақтану керек, міндетті түрде ыстық тамақ сіңу керек.
- Бөлмеде температуралық режим сақталып, үзіліс кезінде сынып бөлмелерінің терезесін ашып, желдету пайдалы, ал үйде бөлмені күніне 3-4 рет желдету керек.
- Күнделікті 2-3 сағат таза ауамен дем алу керек.