Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға деген бой алдырудың, мұның етек, алып, кең таралуын бірқатар ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлтты “апат” деп таниды. Адамзат үшін бұл дегеніңіз “заманақыр” “зілзаласымен” бірдей. Бұл бел алған көпшілік кемістігін “өркениет ауруы” деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медециналық қана емес, сонымен де әлеуметтік сипат алып келеді.
Дағды – бір не — бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына тақалып қалатын мінездегі “ автоматтандырылған элемент” осы. Динамикалық топтардың істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты рефлекстер тізбегі пайда болады. Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы діттесе және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық: таңғы гимнастикамен шұғылдану, ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.
Бұлар – пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.
Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (таксиноманияға) бой алдыру жатады.
БДҰ сарапшылары “тәуелділік тудыратын” заттар терминологиясын анықтаған.
а) алкогольді – барбитурат түріндегі (этильді спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.):
б) амфетомин түріндегі заттар-( амфетомин, фенметразин т.б.);
в) кокайн түріндегі заттар – (кокайн және кока жапырақтары);
г) канабис түріндегі заттар (марихуана, гомили);
д) галюциноген түріндегі заттар — (лизергид – ЛСД мескалин);
е) ката түріндегі заттар – (Catһa ectulis jobek);
ж) апиын түріндегі заттар – (морфин,героин, кодейн, метадин):
з) эфирлі ерітінділер түріндегі заттар – (толуы, ацетон және тетра хлор метан).
Жоғарыда аталған дәрі – дәрмектер емдеу мақсатында пайдаланылады және адам организмі бұларға бой алдыра бастайды – осылайша тәуелділік туындайды. Сондай-ақ есірткі заттар қатарына темекі де жатады, оған деген тәуелділікті тудырады. Есірткі заттарға оны одан әрі ұшықтыратын факторлар қатарына мыналар жатады.
Организмнің жекелеген ерекшеліктері, есірткі қолданғаннан кейін болатын түйсінулерді қабылдау, есірткі заттар әсерлерінің тетік – тегершігі.
Қазіргі кезде есірткі мен улы заттар проблемасы көкейкесті тізбесінен көрінеді. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде – ақ біршама тез қалыптасады: Алдымен көзге түсетін наркомандардың жалпы пошымынан, жеткіліксіздіктің табы білініп тұрады, қорек тапшылығынан терілері құрғақ жермен түстестенуі, беті ісіктеу болып келеді. Дене салмағы азаяды. Көз қарашығы ісіңқы болады, брадикардия байқалады. V-VІ ғ араб елдерінде жүзімнен таза спирт алуды үйренген, оны “ал – каголь деп атаған”. Ес ауыстырушы — деген мағынаны білдіреді. Алькогол – “рахаттану орталығына” әсерін тигізеді, осы сезімді тудырады.
Мұның өзі алкоголизмді наркоманияның басқа түрлерімен жақындастырады, барлық тұстарда да ми жақсы сезіледі тудыратын, қалайда сол бір жасанды қоздырғышты алып тұрады. “Рахаттану орталығын” эндорфиндермен тітіркендіру өзін-өзі қоздыратын, сол өзінің қозған жағдайын тұрақты қалыпта ұстауды қажет ететін аймағын құрайды. Сонымен мыйда тұйық шеңбер құралады, жайлы сезім пайда болады, оларды ұзартып ұстау үшін тағы да ішкілік керек. Әр түрлі ішкіліктерді спирттің мәні бірдей емес: сырада – 3-6 %, 10-14 %.
Алкоголизмнің дамуын 3 кезеңге бөледі.
- Невростеникалық. Ағзалар мен жүйелер қызметінде өзгерістер туындайды: назор тұрақтамайды, ұйқы нашарлайды, ойжұмысына деген қабілет кете бастайды, бас ауырады, ашуланшақ келеді
- Наркоманиялық. Алькоголдік психоз, тәуелділік спирттік ішімдіктің мөлшері мейлінше молаяды, тұрақты маскүнемдік көзге түседі.
- Қорытынды немесе энцифолопатиялық. Үзілісті білмейтін, солынған маскүнемдік, психоз, сандырақ, сезім жадаулығы және адамгершіліктен ада болу, бүкіл организмнің әлсіреуі, қуаттың кетуі бұл кезеңде тән сипаттар осындай.
Темекі шегудің денсаулыққа тигізер үлкен кеселі баршаға аян.