Денсаулығынызда болар өзгерістерді ғылыми негізде күнібұрын айту, денсаулықты болжау. Бұл өзі әлеуметтік гигиенаның басты тақырыбы, әр адам денсаулығындағы уақытына орай болып жатқан өзгерістер заңдылықтарын саралауға негізделген. Мейлінше ғұмыр ұзақтығын болжау қажет болған тұста, ол болашақ өмірдің орта статистикалық көрсеткішімен шектелінбек. Әр адам ғұмыр үзақтығының бар болжамы 5 жылдық шамада.
1.Денсаулықты болжау мүмкіндігі.
2.Субъективтік және объективтік көрсеткіштер тіркесі.
3.Ғылыми негіздемелері.
Болжам жасағанда денсаулыққа әсер ететін факторлар қатарын тысқары және ішкі деп бөлуді ескеру қажет. Ішкілер организмнің тек (генетикалық) бағдарламасының бағытына байланысты. Осы ішкі факторларға сүйене отырып, организмнің дамуы кезеңдеріне байланысты болашақ өзгерістердің қлыптамасын болжауға болады.
Ең алғаш болжам-“тууға дейінгі болжам”. Тек тұралы генетикалық кенестер және тек көрсеткішітерінің (генологиялық) тарихын зерттеу (зерделеу), болашақ әке-ананың генотипіне, фенотипіне негізделген, туар баланың жағдайын, нәресте табиғатындағы өзгерістерді тууға дейін, тіпті, ұрық бітер сәтке дейін де білуге мүмкіндік береді. Тек таралымының тарихын және конструкциялық табиғи ерекшеліктерді білудің өзі-ақ ересектерде белгілі бір ішкі аурулардың дамуына себепкер болатын ішкі факторлар туралы мағлуматтат бере алады.
Денсаулық болжамының түбегейлі мақсаты саулықтағы нашар, кемшін қалған жерлерді табу. Болашақта денсаулыққа кеселін келтіретін қауіп –қатерлердің алдын алып, олардың көзін жою.
Белгілі бір аурулардың қатер факторлары ретінде көбінесе мына тысқары факторлар қатары келтіріледі:
- экологиялық факторлар,
б) тамақтанудың физиологиялық мөлшер өлшемдерінің бұзылуынан туындайтын аурулар тобы,
в) денсаулыққа семірудің кесірі бұл әсіресе аргонизмде тағы бір әмбебапты фактор гипокинезияның әсерінен нақты көрінісін табады, г) сезім жан күйзелісі,
д) зиянды дағдылар, әсіресе темекі шегу, араққа, есірткі заттарға үйірсектік.
Тіпті дене салмағының болмашы өсуінің өзі 5 кг болса, семіздікті былай алып қойғанда, міндетті түрде зат алмасу үрдісінің бұзылуына әкеліп соғады, әсіресе липопротеидтердің алмасуын — атеросклероз кателерінің және жүректің ишемиялық ауруының негізгі факторын қиындатып жібереді.
Денсаулық жағдайына семіздіктің тигізер кесірі оргонизмде тағы бір “әмбебапты” фактордың гипокинезияның (гиподинамия) қышқылдың жеткіліксіздігі әсерінен ерекше айқын көрінеді. Сананың сан қилы сарсаңы жан күйзелісі сияқты гипокинезия әсерін үдетіп, күрделендіріп жіберреді. Осы соңғының
Бөлек өзіндік маңызы да бар.
Темекі шегушілердің арасында жүрек тамырлары жүйесі аурулары 3,3 есе жиі,
Асқазандағы ойық жаралар темекіні тартпайтындарға қарағанда 1,5 есе жиі кездеседі. Темекі тарту қатердің ерекше емес факторы ретінде де саналып жүр. Өлім көрсеткігшінің деңгейі жас кезінен бастап, шылым тартып, ересектер арасында басқа темекіні аузына алмағандарға қарағанда, көп жоғары.