Валеология ілімі дәл осы салауатты өмір салтына арналған. Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін, оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз.
Салауатты өмір салты — адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениеттің бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компаненті. Қоғамның болашағы — әрбір адам денсаулығына байланысты. Биологиялық, физиологиялық функцияларды сақтап дамыту, белсенді өмірдің максимальды ұзақтығына қарай адамның әлеуметтік белсенділігінің артуы.
Адам денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана емес, әлеуметтік жағдайына және өзінің денсаулығына деген көзқарасына да тікелей байланысты. Осы орайда, біздің зерттеу жұмысымызда мектеп оқушыларының денсаулығының донозологиялық күйін анықтай отырып, олардың денсаулыққа деген мәдени көзқарастарын қалыптастыру нәтижесінде, әрбір тұлғаның денсаулығының күйін көрсететін “Денсаулық құжатын” жасауды іске асыру.
Жалпы оқушылар, студенттер, үлкен азаматтар арасында үш түрлі организмнің күйі кең өріс алған.
- дені сау күйі,
- аралық күйі
- ауруға шалдыққан күйі.
Жақсы шыныққан, спортпен шұғылданған адамның денсаулығы, қарапайым, шынықпаған адам денсаулығына қарағанда өзгеше болып келеді. Денсаулығы мықты күйі мен денсаулығы бұзылған күйінің арасында үшінші күйінің болатындығын ең алғаш рет римдік дәрігер Гален атап көрсетті. Осы үшінші күйге көбінесе темекі шегетіндер мен ішімдікке әуес (әрине алькогол емес ол әлбетте ағзаның ауру күйі) спортпен жүйелі түрде айналыспайтын адамдарды жатқызатындығын айтты.
Бұл аралық күйді ағзаның донозиготалық күйі дейді, яғни қарапайым мағынада не ауру емес, не сау емес күйі. Бізді қатты толғандырып отырған мәселе бүгінде жастар арасында осы үшінші күйдің етек алуы. Олай деуіміздің себебі (жастар арасында), олардың арасында темекі шегушілер санының шамадан тыс көптігі, ішімдікке әуестігі, спортпен айналысудың жүйесіздігінен байқауға болады. Бұл үшінші күйде, яғни донозологиялық қалыпты ағзада байқалған физиологиялық көрсеткіштердің өзгеруі нормадан тыс болмайды. Сондықтан олар диспонсерлі және профилактикалық тексеру жүргізу кезінде дәрігердің байқауынан тыс қалып қояды. Донофизиологиялық күйде ағза функционалдық жағдайының сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне бейімделу механизмінің шиеленісіп, кейде салыстырмалы тыныштық күйде тіршілік етеді.
Осы тұрғыдағы біздің зерттеу жұмысымыздың нысанасы ретінде Алматы қаласындағы, Бостандық ауданына қарасты № 81 арнайы мектебінің жас деңгейлері бірде (13-жас) мектеп оқушылары алынады. Жалпы саны 125 оқушы. Бұл жастағы оқушыларды зерттеу тобына таңдауымыздың да өз себебі бар. Өтпелі кезең жасындағы жасөспірімдер көптеген қиыншылыққа тап болады, (физиологиялық көрсеткіштердің өзгеруі, мінез құлықтардың өзгеруі, т.б.).
Мектеп оқушыларының денсаулығының донозологиялық күйіне тексеру жүргізгенде, негізгі мына принциптерге жүгіндік.
Біріншіден — алдын алу принципі, яғни оқушыларға салауатты өмір салтытын насихаттай отырып, жағымсыз әрекеттерден (темекі шегу, ішімдікке әуестіктен аулақ болу) арылуға, мүлдем бас тартуға бағыттау.
Екіншіден — комфорттылық принципі. Ағза жүйесін зерттегенде уақытты көп алмайтын, қандай да бір қолайсыздық туғызбайтын әдіс қолдану.
Үшіншіден – болжау принципі. Олардың көңіл – күйіне, ағза ерекшелігіне көңіл бөле отырып бағалау.
Жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылар арасында түрлі зиянды заттарды пайдалану барысында өз ағзаларындағы туындайтын аралық, яғни делсал күйге көздерін жеткізген, зияндығын түсіндіру, соның нәтижесінде салауатты өмір салтын ынталандыру. Зерттеу жұмыста біз басты көрсеткіштеріне назар аудардық дене жүктемелері.
Денешынықтыру және спорт
Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Зат алмасу дұрыс және үйлесімді өсу,ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.
Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайына деген әсері.
1) Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде недәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды.
Мұнымен қатар, бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санынан көбеюінен, ұзартуынан емес, жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы, тонусы, қан айналымы және бұлшық ет коректенуі жақсарады.
2) Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капилярлар кеңейіп қанай қоймайды.