Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді. Қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адам өмірі мен еңбегіне ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындарды сауықтыруға, ауру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзартуға, жұмысқа деген қабілеттін және т.б. жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шараларды ұсынады. Сөйтіп, гигиенаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (бірінші) профилактиканы өткізу, яғни адамға деген қолайсыз әсерлерді алдын алу. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, коммунальдық, балалар жас өспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы т.б. гигиенаның бөлімдерінің мақсаты болып табылады.
Дәрігер-гигиенистер қоршаған ортаның тұрғындар өмірі мен еңбек жағдайының келеңсіз тұстарының алдын – алатын ескертпе сипатындағы күнделікті санитариялық — гигиеналық бақылау жүргізеді. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсатымен эпидемияға қарсы бағытталған шараларды кеңінен қолданады. Іс жүзінде жүзеге асыратын қалыптамалар мен сілтемелер санитариялық шаралар ретінде қолданысын тауып жатады. Мысалы, микроклиматты анықтау, кәсіпорындар орналасқан жердегі, судағы залалды заттардың және ауадағы шаң-тозаңның шектеулі, қалыптағы шоғырлануының гигиеналық қалыптамалары таңдалынып, алынған су көзін тазарту және залалсыздандыру жүйесінде санитарлық шараларды өткізуді талап ееді.
Қай саладағы дәрігер қызметінде болмасын профилактикалық бағдар мен гигиеналық озық ой қажет. Адам денсаулығы бір-бірімен байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық факторлардың әсерлері қалыптасады. Бұған жататындар: ауа, су, жер, климат факторлары, еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, тұрмыс жағдайы және т.б. Адам денсаулығын айқындайтын өзекті фактор – ол оның өмір сүру салтының сипаты. Оңтайлы еңбек пен демалыс тәртібі, тиімді тағам, дене белсенділігін қажетті деңгейде ұстау, шынығу, жеке бас гигиенасын қадағалау зиянды дағдылардан (темекі, арақ т.б.) бас тарту, ашу- тартыс сәттерінде сабырлылық сақтау, мұның бәрі осы ұғымға енеді.
Жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібі.
Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.
Тән гигиенасы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі организмнің қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық функцияны орындайды.
Еңбек етіп, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан кезде теріні, әрқашан адам денесін, тіпті жалаңаш теріні де кір шалатыны рас. Тері үстінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін. Осыдан барып, олардың функциясы бұзылады. Бітелген май бездеріне бактериялардың енуі фолликулитті туындайды. Микрооргонизмдер әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иіс май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит туындауы, басқа да іріңдеген тері аурулары пайда болуы мүмкін.
Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тзалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.
Қол кірлегенде, оның терісінде бактериялар көбейеді, ішек инфекциясы, құрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады, жұқпалы аурулардың таралуында қол кірінің қаншалықты рол атқаратыны көпшілікке белгілі.
Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында жуса болғаны. Тері құрғақ болса, онда балалар сабынын, ланолині бар сабындарды пайдалану ұсынылады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.
Тіс және ауыз қуысы гигиенасы.
Сау тістердің физиологиялық, гигиеналық және эстетикалық маңызы бар. Тістерді және ауыз қуысын қалыпты жағдайда ұстау мақсатында каиес пен парадонт профилактикасы өткеріледі.
Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:
- Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту. Тіс ысқыштың қылтандары не синтетикалық талшықтары бір-бірінен 3-5 мм қашықтықта бөлек, кішігірім шоқтарын иендестірілген. Бұл тіс арасына, оның аралықтарына мейлінше терең енуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар щетканың өзінің де тазаруын бірқатар жеңілдетеді.
- Қызылиекке массаж жасау ұсынылады (қызылиек нығыздана түседі, қансырау тоқтатылады).
- Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет отыру керек.