Жеке тұлға денсаулығының мәнін анықтап, оның зерттеу үлгілерін, багалау және алдын ала жобалау әдеттерін ізденуі.
Жеке тұлга денсаулығына саңдық баға беру негізінде халықтың денсаулық жағдайын анықтайтын скрининг және мониторинг жүйелерін құрау.
«Денсаулық психологиясын» қалыптастыру.
Жеке тұлға денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту әдістері мен әдістемелерін қарастыру.
Денсаулық деңгейін көтеру арқылы аурулардың алғашқы тууын және қайталануының алдын-алу жүмыстарын қамтамасыз ету.
Жеке тұлға денсаулығы арқылы популяциялық денсаулық деңгейін көтеру бағдарламаларын қарастыру.
Валеология әдістері:
Денсаулық деңгейін пайымдау, жеке тұлға денсаулығының жобалау және басқару, аурудың алдын алу.
Денсаулық мәні:
Жеке тұлға денсаулығын өзінің негізгі ғылыми мәселесі ретінде қарау арқылы валеологиялық түсінік, бұған тікелей қатысы жоқ, бақыт, махаббат, әдемілік және т.б. сияқты категориялардан тыс 100-ден астам әртүрлі денсау-лық дефинициясының авторлары, денсаулық мәнін сипаттайтын өзіндік коз-қарастарын үсынған.
Бұл «барынша жайлы» немесе «белсенді түрде организмнің қызмет етуі», «жеке түлға мен қоршаган орта арасындағы үйлесімділік» және т.б.
Р.Дольдің байкауындай денсаулықты олшеп білуге бағытгалған ұмтылыстардың көпшілігіне қарамастан, әлі іс жүзінде бағылы бірде-бір шкала жоқ. Демек жеке адам денсаулығынын мәнін анықтау-валеологияның негізгі әдістемелік киындықтарына жатады.
Зерттеу жолдары.
Жеке адамның деңсаулығы, ягни жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қызметін орыңдаудың белсенді көрсеткіштері.
Адамзаттың негізгі биологиялық қызметі-оның тіршілік ету қабілеті, өсіп-өнуі; әлеуметтік-жеке тұлғаның әлеуметтену деңгейі, еңбекке қабілеті, қоғамдағы және жұмыс орнындағы өзінің әлеуметтік ролі мен қанағаттанушылығы және т.б. Осыларды ескере отырып жеке адам денсаулығына, физиологиялық қалыппен денсаулыққа тікелей қатысы бар көрсеткішкітердің ауытқуларын анықтай алу мүмкіңдіктерін қарастыруымыз керек.
Валеология — бұл салауатты өмір салты жайындағы ғылым деуіміздің өзі де, көп тараған қателесушіліктің бірі болады. Салауатты өмір салты-бұл әлеуметтік категория. Салауатты өмір салты ерсі әдеттердің болуы, болмауы гана емес, бұл-өндіріс деңгейі, жайлы жағдайлар, бір басқа шаққандағы кіріс, түрғын үй жағдайы, жеке автокөліктің болуы, мәдиниет, оқу-ағарту деңгейлері, медициналық бел-сенділігі және т.б.
Валеология проблемалары.
Өмір салтының адам денсаулығына тигізер әсерін зерттеу әлеуметтік гигиенаға тиісті мәселе. Өмір салтындағы валеологияның рөлі-денсаулықты қалыптастыруға, сақтауға, нығайтуға бағытталған принциптердің қалыптасуы. Мысалы: мектептегі валеологияны алатын болсақ, оның міндеті, белгілі бір проблема бойынша білім беру, дені сау баланың ден-саулығын ары қарай дамыту, ауру балаларға арналған сауықтыру шараларын ұйымдастыру, жалпы денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастырып, саналылыққа тәрбиелеу (мыс: репродуктивтік денсаулық).
Осы білім көмегін әр жастағы балаға, оның жасқа байланысты ерекшеліктерін ескере отырып жеткізе білу таза педагогикалық міндет. Сол себептен де валеологияны өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды кері тартушылық- деп жала жабу-дұрыс түсінбеушілік нәтижесі.