Травма туралы түсінік, жарақат, травматизм.
Сүйектің сынуының белгілері:
1- жабық сынық белгілері
— сүйек сынған жердің сырқырауы
— аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисюы
— сүйек сынған жердің қанталауы мен домбығуы
— аяқ-қол қызметінің бұзылуы.
-Буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.
2-Ашық сынық белггілері:
— аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы
— жарада сүйек жарықшақтарының болуы
— жарақаттанған жерделі қалыпсыз қозғалыс
— аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырауы.
Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады.
Алғашқы медициналық көмек кезінде сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.
— аяқ-қол сынған кезде тыныштық болу үшін шендеуіш немесе қолда бар зат жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын ден еге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отара таңады немесе байламға, белбеуге іліп қояды.
— Сан сынған кезде аяқ-қолдың барлық буындары бекем байлау қажет (тізе, сирақ — табан, сан-жанбас ).
— Саусқ түйіспелерімен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұруы үшін дике мен оралған тығыз мақта түйірін қояды.
— Білек сүйегі сынған кезде қалыпты саусақтарды шамти отырып иыққа жақындатып қояды, шынтақпен кәрі жілік және білек буындарының қозғалуын қадағалап байламға асып қалды.
Омыртқаның сынуы – қаьтерлі жарақаттардың бірі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдагнуы ерекше Назар аударуды қажет етюді. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді. Жарақат кезінде жұлын мен оның қаптары сыдырылуы, қысылуы және үзілуі мүмкін.
Ауруды басу үшін арақ – шарап ішуге болмайды. зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериан тұнбасынан 20 тамшысын, димедрол ішкізген дұрыс.
Жамбас сүйегінің сынуы – жамбас сүектерінің зақымдануы әдетте снның айналасына қандай да бір затардың тиуінен, заттардың соққысынан құлаудан санның әртүрлі бағытта сәтсіз қысылуының салдарынан болып табылады. Жамбас сүектерінің сынумен қатар жамбас органдары зақымдалуы мүмкін. Несеп шығараын түтіктердің несеп буршігі мен тоқ ішактің зақымдануы өте қауіпті.
Алғашқы дәрігерлік көмек жамбас сүйектері сынған кезде таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы , ауруды басатын дәрә-дәрмек (промедол, морфин) беру арқылы көрсетіледі.
Зембілге сыйған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді.
Жарақат алған және ауру адамдарды тасмалдау жұмысы .
Жарақаттанған адаммды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның барлығы жарақаттың қандай ауыр – жеңілділігіне, қолда бар құралдарды және жарақаттанған адамдардың аз-көптігіне байланысты.
Басты мақсаты – жарақаттанған адамды жанын қиналтпай ауруханаға жеткізу болып табылады.
Жарақатына байланысты зембілге әр түрлі жатқызады.
— жауырыны зақымданған болса, зембілге оң жағымен, іші жарақаттанған болса шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімне, одеялдан домалақтап салады.