Жарақаттар –бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйтардың әсерінен ұлпларымен органдары тұтастығы мен қызметінің бүзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рнетген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) факторлар әсер етуі мүмкін. Механикалық жарақат ашық және жабық болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек-көресту кезінде ампула немесе шишаға құйылған 5% спиртте ертілген йод, шишаға құйылған 1-2% спирте ертілген брилиант көгі, валидол таблеткалар, шүйіншөп (валериан) тұнбасы, ампулаға құйылған мүсәтір спирті, ас содасының таблеткалар немесе ұнтағы, вазилин т.б. дәрі-дәрмектер қолданылады. Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде қолда бар құралдар ретінде тұңғыш салып байлауға ақ жайма, жейде, мата, аққан қанды тыюға жгуттың орнына белбеу, немесе белдік ширатылған мата, сүйек сынғанда—шендеуіш орнына қатырма қағаз немесе фонер тілімі, тақтай таяқ және т.б. пайдалануға болады.
Асептика және антисептика ережелерін сақтау.
Асептика—жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болуы тиіс. Мүлде микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бұйымдардағы микробтарды толық жою, тазарту (стерилизация) деп аталады.Жараны көп жағдайда ірің детуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара ірің деп,ісінеді. Микробтар сол тамырларына, сол арқылы сол жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тірі ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе қан бұзылып секция дамиды.
Антисептика—жараға түскен бактерияларды, микроорганиздерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлоромин ертіндісі йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.
Зақымданулар.(жарақаттар).
Мүшелерде және ұлпаларда анотомиялық бүтіндіктің физилогиялық қызметінің душар ететін сыртқы (механикалық, термиялық, химиялық т.б)агенттердің денеге кенеттен артықша асер етуінен және дененің жергілікті, жалпы реакциясымен пайда болатын ауру зақымдану деп аталады.
Жарақаттар жіктелуі:
І. Жарақатқа әкелетін жағдайларға байланысты бөлінеді:
- өндірістік емес жарақаттар:
а) жол қатынасы
б) көшедегі (көктайғақ)
в) тұрмыстық
г) спорттық
- өндірістік жарақтар
а) өнеркәсіптік
б) ауыл шаруашылығындағы жерге байланысты
- Қастандықтан болатын жарақатар.
ІІ Жарақаттаушы күштің түрі болйынша :
- Механикалық (жаралар, шығу, сынықтар)
- Физикалық (термиялық, элетротравмалар)
- Химиялық (қышқылдар, сілітлер)
- Сәулелі
- Операциядан кейінгі
ІІІ Жарақаттану сипаты бойынша .
- Жабық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар бүтін болғанда): созылу, соғып алу, шығу.
- Ашық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар жарақаттанғанда): жаралар, ашық сынықтар.
- Тесіп өткен жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)
- Тесіп өтпеген жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)
- Құрастырылған жарақаттар (бірнеше денелердің жарақаты).
Жабық жарақаттар.
Соғып алу—ұрып алу нәтижесінде көзге көрінетін анотмоиялық жарақаттанулар болмаяқ, жұмсақ тканьдердің жарақаттануы жабық жарақаттарға жатады.
Клиникалық белгісі: жергілікті ауырсыну, тканьдердің томпайып ісінуі, тері сезімталдығының бұзылуы (азаюы), гематома пайда болуы.
Емі: Тыныштық, жергілікті мұздату, 2-3 күнен кейін жылы емдеу шаралары.
Буын сіңірлерінің созылуы және үзілуі.
Клиникасы: Буын айналасында ауыру, ісіну, буын қималдуының шектелуі, сіңір үзілгенде қанды ісік және артықша қозғалыс болады.
Емі: Тыныштық, жергілікті мұздату,қысып байлау, үзілгенде операция.
Шайқалу –морфолгиялық өзгерістерсіз ішкі ағзалардың зақымдануы. Көбінесе шайқалуға бас және жұлын, өкпе, бауыр, ұшырайды. Шайқалу сол мүшелердің атқаратын қызметінің бұзылуына – жүрек –тамыр қызметьінің төмендеуіне (қан қысымының төмендеуі, пульстің сиректеу демалудың бұзылуына ентігу, үстіртін дем алуға), бас миының шайқалуына (есінен тану)әкеледі.
Емі: Уақыттында ауруханаға жатқызу қажет, қатаң төсек режимі. Емдеу жарақаттанған ағзаның атқаратын қызметін қалпына келтіру болады.
Сүйектің шығуы.
Сүйек шығуы деп — сүйек буын жүздерінің бір — бірінен жылжуын айтамыз.
Сүйек шыққанда буын сіңірлері жыртылып, сүйек шығады, кейде үлкен қан тамырларды және нервтерді қысып қоюы мүмкін.
Сүйек шығуы туа және жүре пайда болған болып бөлінеді. Жүре пайда болған травматикалық және патологиялық болып бөлінеді. Патологиялық сүйек шығуы — буын және сүйек туберкулезы, сүйек –буын қабыну процестерінде, сүйек ісіктерінде және паралич болған кездерде кездеседі. Ал травматикалық ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық түрі деп: тері және шырышты қабаттың бүтіндігі бұзылғанда, ал жабық түрінде бұзылмайды.
Кейде үйреншікті сүйек шығуыда кездеседі.
Клиникасы: буын ауырсынуы, төңірегіндеісік және деформация пайда болады, қимылының шектелуі байқалады. Буын шыққанда рентгенография анық диогноз қоюымызға жәрдем береді.
БМК: ашық сүйек шығуы болып және қан ағып тұрған болса, қанды тоқтату қажет. Асептикалық байлам байлап, ауырсынуды бастап дәрі-дәрмектер енгізіліп, жақтау қойылады. Ауруханада дәрігер бірнеше әдістермен шыққан сүйекті орнына салады.
Бірінші Кохер әдісі: Шынтақ буынын 900 бүгіп, білек сыртқа қарай бұралады. Шынтақ орта сызыққа әкелінеді. Кейін бір уақыттың өзінде білек ішке қарай бұрап, шынтақты 3600 айналтырып қолды иыққа тастайды.
Екінші Гиппократ әдісі: Науқас және дәрігер “валет” тәрізді жатады, дәрігер шыққан қолын ұстап аяғын қолтығына таяйды, қоды тартып жайына салады.
‡шінші Джаналидзе әдісі: Науқасты столға жатқызып. Басы бөлек тумбочкада жатады, қолы тумбочкамен столд ортасында 20-30 минут, бұлшық еттер босасқанша салбырап жатады. Хирургтың жәрдемшісі шынтақты 900 бүгіп төмен қарай басады, жасалғаннан соң істелінеді, сүйек жайына салынғаннан соң бірнеше күнге гипс байламы салынады.
Сүйектің сынуы.
Сүйек бүтіндігінің травмалар немесе патологиялық процестер әсерінен бұзылуын сүйек сынуы деп атаймыз.
Сүйек сынуы туа пайда болған және жүре тпайда болған болып бөлінеді.
Жүре пайда болған травматикалық және патологиялық болады. Патологиялық сүйек туберкулезы, сүйек ісіктері, сүйекте кезедесетін қабыну процестеріне, сүйек сифлисінде, рекленгаузен ауруында кездеседі.
Травматикалық ашық және жабық болып келеді. Ашық түрінде тері және шырышты қабат бүтіндігі бұзылады, ал жабық түрінде бұзылмайды
Сүйек сынығы жайғасуына байланысты: эпифизар, метафизар және диафизар болады. Сүйек көлденең, қиғаш, ұзынасын, винтәрізді сынуы мүмкін. Сүйек толық сынған және толық емес (жарылған) сынған болуы мүмкін.
Сынықтардың механизміне қарай, олар төмендегідей болып бөлінеді:
- Қысылудан болван сынулар (вколоченный).
- иіліп- бүгіліп сынулар.
- Бұранды тәрізді сынулар.
- Жұлынудан болатын сынулар
Сынған сүйектердің бір-бірінен ажырап, қозғалып кетулерінің түрлері:
- Сынықтың бұрыштық қозғалымы—сынған сүйенктер бір-біріне тік не доғал бұрыш жасап тұрады.
- Іргелес қозғалуы—сынықтар бір—бірінен алшақтаған мен іргелес жатады.
- Ротацион сынық қозғалуы—сынықтар бір-біріне бұранда тәрізде болып тұрады.
- Созылмалы айрылу – сынық ұштары бір-бірінен алыстап кетеді.
Сүйек сынуының бірнеше түрі бар:
- Жай сынық.
- Күрделі сынық.
- Жарылған сынық.
- Асқынған сынық.
- Жеке сынық.
- Көп жарықшақтық сынық.
Клиникалық белгілері.
Олар бір жоба және бұлтартпас болып бөлінеді.
Бір жоба белгілер: сынық аймағының ауыруы, сынған жерде қанды ісік пайда болуы, жұмсақ ұлпалардың ісінуі, томпаюы, мүшелердің қызмаетінің нашарлауы. Бұлтартпас белгіреі:
- Аяқ қолдың сынған жерінің пішінінің өзгеруі.
- Қозғалғанда сынған жерделі сүйектердің бір—біріне тиіп сықырлауы (крепитация).
- Аяқ-қолдың білік бойы ығысуының нәтижесінен сынған мүшенің қысқаруы.
- Сынған жерде потологиялық қозғалыс пайда болады.
Диагноздың дәл болуы үшін және сүйек сынықтарының бір—біріне қалай тұрғанын анықтауға алдынан және қапталынан рентгенге түсіріледі.
БМК: ашық сынық болып қан кетіп жатқан болса, уақытша қан тоқтату әдістерімен қан тоқтатылады. Жарақаттанған жерге асептик байлам қойылады, жақтаулармен (шина Дитерехс, Крамер) иммоблизация жасалады. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер енгізіледі.
Хирургия бөлімінде сынған сүйектерді репозиция жасап гипс байламымен емдейді. Бұдан басқа қанқадан тарту, Илизаров аппаратымен, операциялық жолмен: остеосинтез, Лена пластинкасын қою, сымдармен байлау.
Жараға топырақ пен бірге сіреспенің тудыратын анэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.
- Механикалық антисептика—жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
- Физикалық антисептика—жарадағы микробтар үшін қолайсыз жадай жасайды, атап айтқандай бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәулесі өлтіреді.
- Химиялық антисептика—микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод тұнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептик тер жиі қолданылады. Мыс: Антисептиктер Вишневський майы сйяқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін.
- Биологиялық антисептик—жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.
Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануы мен көресте бірін – бір толықтырады.