Олифа-ғасыр жаңалығы
Зығыр, тунга, күнбағыс және басқа өсімдік майларын олигомеризациялау арқылы алынатын затты олифа деп атайды. Сонымен олифа полимер емес, олигомер екен.
Олифаны заттың бетіне жұқалап жаққан кезде ол, біршама уақыттан кейін белгілі бір физикалық-механикалық және қорғағыштық қасиеттері бар қатты пленка түзеді. Химиялық тұрғыдан алғанда бұл ауадағы оттегінің әсерінен одан әрі полимерлену процесі болып табылады.
Сұйық олигомердің тез қатты денег айналу процесін арттыру үшін олифаға полимерленуді тездеткіштер қосады, оны сиккативтер деп атайды. Қазіргі уақытта сиккативтер ретінде ауыспалы валентті металдар (негізінен марганец, кобальт, қорғасын) және кейбір органикалық қышқылдардан түзілген тұздар қолданылады. Сиккативтер дайындау үшін көбінесе синтетикалық майлы, нафтенді және смола қышқылдары жиі пайдаланылады.
Олифа бояулар үшін ғана қажет емес. Олифаның негізінде, одан байланыстырушы зат ретінде ондаған түрлі шпатлевка, замазка дайындайды, оны бояр алдында тесіктерді бітеу үшін ағашқа жағады.
Олифа түрлері
- Табиғи олифа- кенеп пен зығыр майларынан алады. Сиккативтер ретінде кенеп пен зығыр майларында болатын қышқылдардың кобальт, марганец немесе қорғасын тұздарын пайдаланады.
2. Оксоль олифасы- оксидтелген өсімдік майы мен лак-бояу өнеркәсібіне арналған бензин-еріткіштегі сикатив болып табылады. Пайдаланылатын шикізатқа қатынасына қарай оксоль олифасының мынадай маркаларын дайындайды:
В- кенеп немесе зығыр майынан жасалған;
ПВ- күнбағыс, бұршақ, сафлор, жүгері, жүзім және рыжик майларынан жасалған.
Оксидтелген өсімдік майы-майдың қайнатылған түріне қарағанда оттегінің әсеріне көбірек ұшыраған май. Олардың молекулаларында кебе бастаған майлардың молекулаларына қарағанда екі жақты байланысы аз болады, әрі сиккативтер қосылғанның өзінде де өздігінен кебе алмайды. Сондықтан оларды оксидтейді-қышқылдандырады, яғни оттегімен ішінара бұзып, полимерлену процесі неғұрлым тез жүретіндей етеді. Алайда мұндай күйге айналдырудың нәтижесінде оксоль олифасы тез кебеді де жамылғы үгітіліп сынғыш келеді және ұзақ мерзімге шыдамайды.
- Синтетикалық олифалар- синтетикалық олифалар майсыз шикізаттардан алынған олифалар. Синтетикалық полимерлерден-поливинилхлорид, колоксилин, глифталевті смоладан алынған материалдар.
- Полиден олифасы- шайырдың глицеринді эфирінен, балқыған қорғасын-марганец сиккативінен және бензин-еріткіштен тұратын қосынды. Бұл олифада қышқылдығы төмен сапалы өсімдік майы болуы мүмкін. Негізінен шпатлевка дайындауға және металл, ағаш заттарды және үйдің ішкі сыланған қабырғаларын грунттауға арналған.