Алкидтер дегеніміз не?
Алкидті лак-бояу материалдары өндіру көлемі жағынан халық тұтынатын бояулардың қазіргі түрлерінің ішінде екінші орын алады. Олардағы пленка түзушілер алкидті смолалар-ортофталевті қышқылмен көп атомды спирттерді поликонденсациялау арқылы алынатын полимерлер. “Алкид” термині “алкоголь” сөзінің бастапқы буыны мен “асіd” сөзінің соңғы буынынан жасалған, бұл ағылшын тілінен аударғанда “қышқыл” деген ұғымды білдіреді.
Поликонденсацияға қолданылатын көп атомды спирттің түріне қарай смолаларды глифталевті және пентафталевті деп айырады.
Алкидті смолалар қатқанан кейін жұқа жамылғы түзеді, сондықтан да оларды лак-бояу материалдарын дайындауға тікелей қолданбай, оған эластификаторлар қосады. Бұлардың ішінде неғұрлым кеңірек қолданылатындары өсімдік майлары болып табылады. Алкидті лак-бояу материалдарын дайындауға тікелей қолданбай, оған эластификаторлар қосады. Алкидті лак-бояу материалдар да майлы бояулар қолданылатын жерлерге пайдалануға арналған, бірақ олардың жамылғылары атмосфераға төзімдірек келеді.
Алкидті лак-бояу материалының түрлері
Біздің елімізде халықтың тұтынуына арналып, алкидті лак-бояу материалдарының көптеген түрлері шығарылады.
- ГФ-021 грунтовкасы. Глифталевті негізінде дайындайтын ең көп қолданылатын лак-бояу материалы ГФ-021 грунтовкасы болып табылады. Бұл грунтовка әр түрлі эмаль, лак, шпатлевка, бояу жағылған металл және ағаш заттардың бетін грунттау үшін жарамды бояумен кең қолданыла бастады, сондықтан оны көптеп шығарады.
- ПФ-283 лагы. Пенталевті лак-бояу материалдарының ішінде ол ерекше кең пайдаланылады. Лак-өсімдік немесе талл майымен органикалық еріткіште модификацияланған пентафталевті смола ерітіндісі болып табылады. Лак ағаштан, металдан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ майлы немесе алкидті бояулармен боялған заттарды өңдеуге арналған.
- Майлы және алкидті қою езілген жер бояулар. ГОСТ 8886-77-ге сәйкес майлы немесе алкидті олифада езілген тиісті жер пигментінің суспензиясы болып табылатын қою езілген бояулар шығарылады.
- ГФ-023, ПФ-024. Бұл бояулардың түсі сарғыш, сары, жасыл, қоңыр, қызыл, күңгірт-қызыл, ашық-сары түсті болуы мүмкін. Алкидті лак-бояу материалдары синтетикалық пленка түзушілерден құралған, алайда оларды дайындау үшін белгілі мөлшерде өсімдік майы керек.
- СКОП, каучуктер, ДИКОРС, полидиендер-химиялық реакторда өсірілген пленка түзушілер. СКОП –олигопипериленген синтетикалық каучук деген сөз тіркесінің қысқартылған атауы. Оны изопренді каучукті синтездеу кезінде түзілетін көптеген тонна қалдықтардан-пиперилинді жағып жіберетін, ал қазір алтындай қымбат болып отыр, өйткені СКОП құрама олифаларға қажетті өсімдік майын толық ауыстыра алатын болып шықты. Ал полиизопреннің өзі-табиғи каучукке жақын изопренді каучук ол да олифаны алмастыра алатыны анықталынды. Майлы бояулардағы олифаның едәуір бөлігін СКИ-3 маркалы изопренді каучукті ішінара өңдеу арқылы алынған өнімге алмастыруға болатыны белгілі, ал каучуктің бұл түрі біздің еліміздегі ең көп және арзан каучук.
- Полистирол дейтін полимер бар, одан бәрімізде белгілі пенополистирол дайындайды. Стиролды-мономерді синтездеу кезінде ондаған тонна ашық көк түсті сұйық қалдық пайда болады, оны қысқартып КОРС деп атайды. Соңғы уақытқа дейін оны бу қазандарында отын ретінде пайдаланып келді, мұның өзі қып-қызыл ақшаны отқа жағумен бірдей нәрсе еді. Өйткені КОРС-те полимерленуге, қатты затқа айналуға бейім стирол көп болатын.
Көптеген химиктер үшін күш-жігерінің нәтижесінде КОРС қазір лак-бояу өнеркәсібінде маңызды шикізатқаайналды, оның негізінде өнеркәсіп мақсаттарына арналған бірнеше лак пен эмаль дайындалып, өндірісте шығарылуда. Ал Воронеж химиктерінің КОРС негізінде жүргізген жұмыстарының нәтижесінде халық тұтынатын материал-ДИКОРС лагы жасалды. Ол металда, ағашта, бетон мен керамикада төзімді жамылғы түзді. ДИКОРС-тен су мен атмосфераға өте төзімді, металл, ағаш, бетон, керамикаға жақсы жабысатын беті тегіс жып жылтыр ашық қоңыр түсті мөлдір пленка түзіледі.