Кір жуатын заттарды таңдау
Жүздеген жылдар бойы жуу заты ретінде сабын ғана пайдаланылып келді. Қазір кір жуатын синтетикалық препараттардың көптеген түрлері шығарылады. Бұл препараттардың да біразы құрамында кальцийленген сода, сілтілі фосфат, натрийдің метилселикаты, оптикалық ағартқыш бар сабын. Сонымен бірге, құрамында сабын жоқ заттардан тұратын активті құрамдар қосу негізінде дайындалатын қолмен және машинамен жууға арналған синтетикалық препараттар кең қолданылып келеді.
Кір жуатын заттарды таңдау кезінде оның қорабы сыртында жазылған нұсқау мен оларды пайдалану жолы мен мөлшерін қатаң сақтау керек. Препараттарды дұрыс пайдаланбау қолайсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.
Кір жуатын синтетикалық препараттармен жуу
25-30 л суға 200-250г кір жуатын препарат салынады. Бұл су 4-5кг құрғақ кірді жууға жетеді. Алдын ала суға салынған кірді кір жуатын суға салып, 85-900С-қа дейін ысытады да осы температурада 10-15 минут ұстаңыз. Сөйтіп механикалық әсерді-кір жуатын машинада қатты араластыру мен ысқылауды едәуір азайтуға, тіпті одан құтылуға да болады, онда бұйым да өзінің беріктігін ұзақ уақыт сақтайды.
Содан кейін бұйымды сабын немесе кір жуатын ұнтақ көбірек салынған суда 80-900С-қа дейін ысытады кей жағдайда қайнатып, 5-10минуттай ұстап барып, жуу керек.
Кір жуатын машиналарды пайдаланудың кейбір ережелері
Кір жуатын машиналардың құрылымы мен жүйелері әр түрлі болып келеді. Олардың әрқайсысының дәл орындалуы талап етілетін пайдалану ережесі болады. Бұған қосымша кір жуатын машиналарды пайдалну жөніндегі тағы да кейбір жалпы ережемен танысайық:
Жұмыс қауіпсіз болу үшін машинаны тоққа қосар алдында оны жерге сыммен жалғау қажет. Кір жуатын машинаны электр эенргиясын барынша көп тұтынатын мезгілде, сондай-ақ электр тогының кернеуі азайған кезде пайдаланбаған жөн. Мұның өзі машинаның электродвигателін зақымдауы мүмкін. Қатты кірлеген жерді, мысалы көйлектің жағасы мен жеңін жуар алдында сабындаңыз. Ескі моделді кір жуатын машиналарда кір жуар алдында кір жуатын препараттар суға ерітіледі. Препарат езілген суды ауыстырмай онша кір емес іш киімдерден бастап, қатты кірлеген іш киімдердің үш-төрт түйіншегін жууға болады.
Ең қолайлысы автоматты кір жуатын машиналар. Үй шаруасындағы әйел тиісті кір жуатын препаратты таңдап алады да кірді барабанға салады, матаның түрі мен кірлеу дәрежесіне қарай программаны кір жууға қояды. Мұндай машинада суға малу, жуу, шаю мен сығу толық автоматтандырылған. Кейбір автоматты кір жуатын машиналардың құрылымындағы программаларда кейбір операцияларды алып тастауға немесе қайталауға болады.