Косметика
Косметика ерте заманнан қазіргі уақытақа дейін адамдардың ықыласын өзіне аударып келеді. Биохимиктер ем сарысуын, жасанды витаминдер алып, оның негізінде косметикалық препараттарды синтездегеннен кейін косметика өнімдеріне теріні жақсартатын және серпімді, қалпына келтіретін гармондар, эмбрион, плацента экстрактары, ткань шырындары пайдаланыла бастады. Сөйтіп ол косметология деген ғылым саласына айналды.
Косметология бетті, теріні емдейтін, профилактика шараларын жүргізетін медицина ғылымының бір саласы. Косметикада биохимиялық препараттар, арнаулы массаж, электро және пластикалық хирургия әдістері қолданылады. Дене терісін күтуде түрлі-түрлі бет маскалары қолданылады, оларға желден, суықтан, шаңнан сақтайтын әр түрлі пудралар, пасталар, кремдер, майлар жатады. Сонымен бірге дәрігерлік косметика мұрын, құлақ, қабақ пішімін түзетеді, қос иекті жояды.
Ал, сәндік косметика болса пудра, опа-долап, қызартпа, ерін далабы, қас қарындашы, кірпік тущы, шаш бояулары көмегімен беттің кемшіліктерін жасырып бетке рең, өң береді.
Косметикалық препараттар
Бізде сан алуан косметикалық өнімдер шығарылады: олар жеке гигиена товарлары, хош иісті заттар, опа, паста. Бұлардың бәрі жоғары сапалы шикізаттардан даярланады. Ондай шикізаттар есебінде майлар және олардың өнімдері, май тәрізді заттар, ара балауызы, спермацет, ланолин, парафин, церизин, парфюмер және вазелин майлары, әр түрлі спирттер, вазелин, әлсіз қышқылдармен мен сілтілер, смолалар, бальзамдар, резорцин, камфора, ментол, түрлі өсімдік қосылыстары және олардан алынатын экстрактар, витаминдер, ферменттер, гармондар қолданылады.
Қолданылатын мақсатына қарай кремдерді төмендегі топтарға бөлуге болады:
- Сіңімді кремдер— теріні жұмсартып, құрғақ қалудан сақтайды. Мысалы, “Атласный”, “Идеал”, “Янтарь” жатады. Бұлардың құрамына жоғары сапалы ланолин, , спермацет, жеміс сүйегінің майлары, бір қатар арнаулы заттар кіреді.
- Сыртқы әсерден қорғайтын кремдер— кір, жел, жоғары не төмен температура, күн әсерінен сақтайды. Әдетте таңертеңгі мезгілде не күндіз далаға шығар алдында пайдаланылады. Мысалы, “Аврора”, “Молодость” жатады. Құрамында вазелин, гицерин, майлар бар заттар.
- Арнаулы майлар және препараттар- күнге күюден, жел қағудан қорғайды. Мұндай кремдердің құрамы витаминдер, эфирлер және өсімдік майларынан тұрады. Мысалы, “Крем от загара” және аэрозоль препараттарын алуға болады.
- Тазартқыштар- бет пен қолдағы кірді кетіруге қолданылады. Құрамы вазелин, өсімдік және вазилин майлар, бура қосымшалардан тұрады. Оларға: “Утро”, “Бархатный”, “Миндальное молоко” жатқызуға болады.
- Ағартқыштар- терінің теңбілденіп, ақтаңдақтанып түрлеуін кетіру үшін өте пайдалы. Оларға “Чистотел”, “Метаморфоза”, “Весенний” жатады, бұлардың құрамында сынаптың бірқатар қосылыстары болады. Ағартқыш кремдер секпіл, беттегі пигмент, күңгірт дақтарды кетіру үшін пайдалы.
- Сіңіргіш- кремдер адамның терісін жұмсартады әрі пудраны жақсы сіңіреді. Бұл кремдерге “Снежинка”, “Белая ночь”, “Кристалл” жатады. Бұлардың құрамында глицерин, стеарин, сақар, су, арнаулы қосымшалар болады.
- Пудра- әр түрлі түсті, хош иісті ұнтақтар. Бұлар аса күрделі құрамында тальк, каолин, крахмал, бір қатарында цинк, бор және титан оксидтері, бояулар, хош иісті заттар бар. Пудра терді сіңіреді, бетке әдемі күңгірт реңк беріп, безеулерді білдірмейді, күн, желден терінің күйіп, қараюынан сақтайды, қырынғаннан кейін терінің тітіркенуін басады.